«Аргументы и факты» газетінде «Ақыл-есімнен айырылмас үшін мен ешқашан үйленбеймін. Шерлок Холмстың өмір сүру ережелері» деген материал бүгін жарыққа шықты. «Қамшы» порталы 1 желтоқсанда «дүниеге келген» атақты детектив жайлы материалды қазақшаға аударып, оқырман назарына ұсынады.
1887 жылдың 1 желтоқсанында детектив Шерлок Холмс жайлы «Қып-қызыл реңдегі этюд» деген атаумен алғашқы повесть оқырманға жол тартқан болатын.
Бірінші публикация шығысымен-ақ Артур Конан Дойлдың Шерлок Холмс атты кейіпкері қырсық-қыңыр, біртүрлі мінезімен оқырманның жүрегін жаулап алды. Содан бері қанша уақыт өтсе де Шерлок Холмс сәннен кетер емес. Ол туралы телехикая да, экшн-кино да түсіріліп жатыр. Халық ескі танысын, сүйікті кейіпкерін жаңа қырынан танудан жалығар емес. Ал, Шерлок Холмс болса өзі жайлы былай деп айтып кеткен екен:
Ешкім білмеген нәрсені білу – менің мамандығым.
Кейде менің бүкіл өмірімнің мәні сұр, қызықсыз өмірмен күрес сияқты.
Мен математикке ұқсаймын. Себебі қиын есептің шешімін тапқаннан рақаттанамын. Бірақ, шешімім біреуге қалай әсер етеді, ол туралы бас қатырмаймын.
Жалғыздық мені көп нәрседен қорғайды.
Белгілі бір іс-әрекетке қарап әйелді түсіну өте қиын. Өзін қарапайым ұстаған әйелдің жасыратыны көп болуы мүмкін. Және абдырап, асып-сасыған нәзікжандының бар бас ауруы шашындағы түйрегіш болуы ғажап емес.
Махаббат деген – эмоционалды дүние. Сол себепті ол таза, сабырлы ақыл ой-санаға керағар. Мен болсам ой-санасы бірінші қоямын. Үйленгім келмейтіні де сондықтан.
Бүкіл жерден логиканы іздеуіміз шарт. Қай жерге логика жетіспесе, демек бір былықтың бары рас.
Бәрін ақшамен кесіп-пішетін байларды жек көремін.
Бұл әлемде жоғары билікте отырған жындылар орнын босатпайынша логикаға орын жоқ.
Ақылды мен ақымақ дау барысында бірдей.
Құр бос отырғаннан қатты шаршаймын. Ал, жұмыс істегеннен ләззат аламын.
Автор: Степан Чаушьян
Аударған: Жазира Байдалы