Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Жұлдыз FM студиясында Beatles тобының әнін орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Министр әйгілі ливерпульдік төрттіктің Yesterday әнін ол "На вершине Тенгри" жобасының қатысушысы Марина Галицкая мен композитор Артур Оренбургскиймен бірге айтты.
"Музыкалық аспаптар - олар қанаттандырады, қандайда бір әуенді, классикалық шығармаларды, халық әндерін орындағанда. Бұл қажет нәрсе. Бұл кез-келген адамға, шабыттанған уақыттан немесе бірдемені уайымдағанда жақсы көмек болады. Менің мамандығым виолончелде ойнау, фортепианода, домбырада ойнаймын, дирежорлық етемін", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы, радиошоудың таңғы эфирінде сұрақтарға жауап бере отырып.
Сонымен қатар, әннің музыкасын жазатынын айтты. "Мен әуенді жан рақатым үшін, достарыма жазамын. Сонымен қатар, қазіргі уақытта мен философия мен тарихқа қызығушылығым артып жүр. Алдағы уақытта біздің қоғамның ерекшелігі, көзқарасы туралы арнайы кітап жазу ойымда бар", - деді министр.