Кеше маған Алматы қаласының Алмалы аудандық сотынан шақырту келді. Мені сотқа бергендер: СССР-ді көксеушілер, Евразия Одағын қолдаушылар, Путиноидтар, яки бұрынғы коммунистер, қазіргі бір үлкен партияның мүшелері һәм олардың үрім-бұтақтары. Олардың талабы: Германия құрамасына жанкүйер болуым. Ресейдің жеңілуіне сеп болған Бельгия, О. Корея мен Алжирге жақтасуым.
Әрқайсысы миллион теңгеден талап етіп отыр. Мені миллиардер деп ойласа керек. Сөйтіп, миллионер бола салмақшы олар.