Елбасы «ҚР 2017-2019 жылға арналған бюджет есебі» туралы заңға қол қойды. Келесі жылғы айыппұлдар мен әлеуметтік төлем көлемі осы құжат бойынша есептелетін болады.Бұл туралы yk-news.kz хабарлады.
Биліктің электронды сайтында, бұрынырақ, ең төменгі өмір сүру мөлшерлемесі, ең төменгі жалақы, базалық зейнетақы көлемінің бір айлық көрсеткіші туралы заң жобасы ұсынылған болатын.
Бюджет туралы заң тосыннан ешқандай сый алып келген жоқ. Келесі жылы барлық көрсеткіштер әдеттегідей 7%-ға өседі. Осындай пайыз базалық зейнетақыға да қосылатын болады. Ол «президенттік» төлем деп те аталады. Ал, негізгі зейнетақы 9% -ға өседі.
Зейнатақы көлемін былайша есептеуге болады:
50 000 теңге (2016 жылғы толық зейнетақы мөлшері) – 11 965 теңге (базалық зейнетақының ағымдағы мөлшері) = 38 035 теңге.
38 035 теңге х 1,09 = 41 458 теңге (жаңа зейнетақы көлемі)
41 458 теңге+ 12 802 (жаңа зейнетақы көлемі) = 54 260 (2017 жылдағы толық зейнатақы көлемі)
Аударған: Балнұр Омар
Пікір қалдыру