ФБР қызметкерлері жаппай уланды

/uploads/thumbnail/20170709184618391_small.jpg

ФБР Майами кеңсесінде орналасқан ағаш мүсін 17 агентті улады деп хабарлайды Politico. ФБР басшылығы мүсінді 750 мың долларға сатып алған. Торнада түріндегі мүсін – ағашпен жұмыс жасайтын атақты  Урсула фон Ридингсвардтың жұмысы. Салмағы 7 мың тоннаға жуық ағаш «торнадоны» кеңсенің кіреберісіне орналастырғаннан кейін, 17 адамның денсаулығы нашарлап кеткен. Олардан мұрынның шырышты қабығы қабынғаны анықталған. Кейбірінің тыныс алуы қиындаған. Сарапшылар бұған агенттердің туя ағашының үгінділеріне аллергия болуы мүмкіндеп болжап отыр.

ФБР басшылығы ағаш мүсінді бірден алып тастады. Оған 412 мың доллар кеткен.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар