Дағыстанда әйелдерді сүндеттейді екен

/uploads/thumbnail/20170709184727539_small.jpg

2016 жылы жазда ресейлік БАҚ-та және әлеуметтік желілерде ең көп талқыланып жүрген мәселе – Дағыстандағы әйелдердің сүндеттелуі. Мұндай дәстүрді фильмдерден естіп-біліп жүргеніміз болмаса, көп айтылып, жарияланбаған тақырыптардың бірі. "Шөл даланың гүлі" фильміндегі бас кейіпкердің өмірі де осыған ұқсас. Тек ол фильм Африканың Сомали жерінде орын алған болса, Дағыстанда да қыздардың сүндеттелуі ықылым заманнан бері жалғасып келе жатқан дәстүр екен. Бұл туралы бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған. Осы тақырыпты зерттеген журналист Светлана Анохинаның мақаласын беруді жөн көрдік.

 «Даптар» порталында 1 тамызда журналист Светлана Анохинаның «Обрезанные женщины режут дочерей», ал екі аптадан кейін «Правовая инициатива» деген мақала шықты.

«Адам құқықтарын қорғау аясында халықаралық норманың бұзулуына қарамастан, әйелдердің сүндеттелуі әлі де сақталуда»,- дейді автор БҰҰ-ның есебін алға тарта отырып.

Мақаланың авторлары кейіпкерлері арқылы қыздардың сүндеттелуі әлі де Дағыстанның бірқатар аймақтарында таралғанын айғақтайды және мұның себебін түсінуге тырысып көреді.

Посёлок Кубачи (новые) в Дахадаевском районе Республики Дагестан

2016 жылдың жазына дейін Дағыстанда қыздардың сүндеттелуі жайлы бұрын-соңды қозмаған тақырып болған.

Светлана Анохина – «Обрезанные женщины режут дочерей» атты мақаланың авторы Дағыстандағы әйелдердің сүндеттелу мәселесі оның назарына не себепті іліккені жайлы Би-би-си-ға берген сұхбатында айтып берді:

«Сүндеттеу ұлдарға ғана емес, қыздарға да жасалатынын мен алғаш рет 82-жылдары, әріптестерімнен  естідім. Ол кезде 25 жаста болатынмын.

Ол маған бала күнінде 10-12 жастағы қыздармен бірге деліткілерін кесетін кемпірдің үйіне апарғанын айтты. Бұл мен үшін шок болды. Әсіресе қойлардың жүнін қырқуға арналған қайшымен операция жасағаны қатты таң қалдырды. Бірақ менің әріптесім биіктаулы аймақтағы ауылдан болған соң, бұл ескі салт-дәстүрлердің қалдығы деп ойлағанмын.

Екінші рет, мен бұл тақырыппен 2003 жылы бетпе-бет келдім. Сол кезде жұмыс жасап жүрген «Черновик» газетінің редакциясына хиджабтағы жас қыз келді. Мақаласын әкелді, бірақ бірден кетіп қалмады. Ол маған өзінің өмірі жайлы айтып берді. Әңгімесі көңіл көтерерлік емес еді – ол сәтсіз тұрмысқа шыққанын, күйеуі діндар адам болғандықтан, сегіз айлық қызын сүндетке отырғызатын айтқан күйеуінен кетіп қалғанын айтты.

2007 жылы республикалық газеттерінің бірі «Ас-саламда» қыздарды піштіру керектігі жайлы жазылған мақала оқып қалдым. Кейіннен Ю.Ю.Карпованың «Женское пространство народов Кавказа» кітабы қолыма түсті. Ол кітапта да қыздардың сүндеттелуі жайлы айтылған.

2013 жылы Дағыстанның басты газеттерінің бірінде сүндеттеу кезінде нақты нені кесу керек және қандай мақсатпен жасалатыны айтылған мақала жарық көрді. Физикалық жақындық кезінде әйелдің ләззат алуына тосқауыл жасау мақсатында жасалатын көрінеді.

«Даптар» порталы құрылған кезде мен шеф-редактор ретінде ақпарат жинап, таныстарымнан сұрастыра бастадым. Белгілі болғандай, жақын құрбыларымның арасында сүндеттелген екі жас әйел бар екен.

Ауылдарда бұл дәстүр сақталғандығы анықталды. Сүндеттелмеген қыз «қыдырымпаз, жүргіш» болады-мыс.

Кейіннен мен этнограф ретінде бұл сұрақты зерттеп жүрген қызбен жолықтым. Онық маған көп көмегі тиді. Ол көп елді аралаған. Менімен бөліскен құнды мақаласы бар.

Дагестан

Дағыстанның бірқатар таулы аймақтарында бұл дәстүр әлі де жалғасын табуда

Светлананың кейіпкерінің бірі – Зухра (Аты өзгертілген)

«Жасым 6-7-лердің шамасында болатын. Жаз кезі, 90-жылдар екені есімде. Анам мені жаз айларында ауылға жіберетін. Өзі қалаға қайтып кететін. Анам жұмыс істеді, мен тәтемнің қолында қалатынмын.

Бір күні тәтем мені жуындарды... Жуындырып болған соң, ол анамның басқа тәтесін шақырып, біздің тілімізде: «Мұны жасауымыз керек...Неге? Неге әлі күнге дейін?...» деп айтып жатты.

Ол кезде ұялы телефон жоқ болатын, ешқандай байланыс болмады. Мен білмеймін, мүмкін байланыс болғанда, анамнан рұқсат сұрайтын бе еді? Мүмкін сұрамас па еді...

Сол күннің ертесі-ақ олар мені ауылдағы кемпірдің үйіне апарды. Сөйтіп маған айтты: «Сен қорықпа, қазір ол саған шағын операция жасайды».

Бұрын-соңды ешқандай операция көрмеген мен түсінбей тұрып қалдым. Әрине, қорыққаным тағы бар.

Бірақ, кемпір маған солай істеудің қажет екенін айтты: «Сен нағыз әйел атанасың, нағыз мұсылман атанасың, салтымыз бойынша бәрін жасауымыз керекпіз».

Мен тұрып тұрдым, олар менің іш киімімді түсіріп, көйлегімді көтерді, тәтем қолымды қозғалта алмауым үшін арқамнан қысып ұстап тұрды.

Менің бұдан қорқынышым ұлғая түсті, әлі есімде...

Сосын ол қайшысын алды. Ол үлкен болып көрінді. Маникюр жасайтын қайшы емес, ол – анық.

Әлбетте, мен жылай бастадым. Қатты қорықтым. Тәтем біздің тілде: «Тыныштал, жылама» деп айтып жатты. «Бәрі бітті, тез арада бәрі бітті» деп жұбатты.

Спиртпен де, йодпен де өңдемей-ақ, іш киімімді тез кигізе салды. Бұл менің анық есімде.

Кейіннен мен гепатит болып ауырып қалдым. Тіпті, анамның өзі осының салдарынан деп ойлады. Екі нұсқа бар: бірі осының салдарынан болды немесе стоматологқа барғанымнан. Қазір нақты айта алмаймын.

Маған өте ауыр болды. Үйге қарай жүгіріп, қашып шыққанымда, тіпті, ешқандай ауыруды да сезбедім.

Қорқыныштан қатты дірілдедім. Қатты қорықтым.

Анам келген кезде бірден болған жайттың бәрін айтып бергенім есімде. Сол кезде өте қынжылдым, өйткені ешкім ренжітпейтін, көңіліме қаяу түсірмейтін отбасыда тәрбиелендім. Маған ешкім қол көтермейтін.

Мені үйде бәрі жақсы көретін: әкем, анам, ағам. Аялап ұстайтын ортада өскен маған бірден осындай дөрекілік танытты. Өмірі ұмытпайтын стресс алдым.

Анам қолымнан ұстап алып, тәтеме барғаны әлі есімде. Үлкен дауға ұласып еді! Олар біздің тілімізде ұрсысып жатты. Анам өте ашулы, наразы болды.

Бұл не үшін керек? Не үшін керек екенін шын мәнінде, білмеймін. Тәтем жәй керектігін айтатын, бәрі солай істейді, өйткені бұл – салт-дәстүріміз. Тәтем мені жұбатқанда: «Енді сен әдепті қыз боласың» деп айтатын. Ашығын айтқанда, «есті, жүргіш емес» деген мағынада. Бірақ ол көбіне дәстүрімізді айтып, солай дұрыс екенін алға тарта беретін.

Мен үшін біреудің шешім қабылдағаны жаныма батады.

Қызым өсіп келе жатыр, қазір 8 жаста және ауылға барған сайын қызымның қасынан бір елі айырылмаймын немесе анаммен бірге жүреді. Күйеуім екеуміз оны сүндеттемейміз деп шештік.

 Осы мәселе көтерілгенде, ауылдағылар наразылық білдірді. «Бұл– біздің дәстүріміз, кімнің қандай шаруасы бар» деп туыстарым да наразы болды. Түсінгенім, бұл әлі жалғасып жатыр».

Қатысты Мақалалар