Психологтардың пікірінше, адамдарға бірнеше қимылды жасату арқылы мінезін анықтауға болады. Тест адам интуитивтік тұрғыда таңдайтын оңай төрт тапсырмалардан тұрады. Сонымен...
- Қолдарыңызды бір-біріне біріктіріңіздер. Егер оң қолыңыздың бас бармағы үстінде тұрса, «2» санын, егер сол бас бармаңыз тұрса, «1» санын жазып қойыңыз.
- Бір көзіңізді жұмып, көрінбейтін нысанға бағдарлаңыз. Егер сол көзіңіз ашық қалса, «1» санын, егер оң болса «2».
- Қолыңызды айқастыра, көкірегіңізге қойыңыз. Қай қолыңыз үстінде қалып қояды, байқаңыз. Егер сол қолыңыз оң қолыңыздың үстінде болса, «1» санын, оң қолыңыз үстінде қалса – «2» санын жазыңыз.
- Қол соғыңыз. Егер сол қолыңыз үстінде болса, «1» санын, егер оң – «2» санын жазыңыз.

Тесттің қорытындылары
Ал енді шыққан сандарыңыз бойынша қорытындыны бағалаңыз:
- «2222» – мінезі тұрақты, консерватизм, ешкіммен сөз таластырғысы келмейді.
- «2221» – сізде ең айқын мінез тән – шешімді қабылдарда табандысыз.
- «2212» – сіз ашық, жайдары адамсыз. Адамдармен тез тіл табысасыз.
- «2111» – сіз құбылмалысыз, басқалардың көмегіне жүгінбей, бәрін өзіңіз істейсіз.
- «2211» – көп кездесе бермейтін сәйкестік. Сіз ашықсыз, адармен жақсы тіл табысасыз, сонымен қоса, өте жұмсақ мінезіңіз бар.
- «2122» – аналитикалық ақылға иесіз, жұмсақ мінезіңіз бар.
- «2121» – ең сирек кездесетін сәйкестік, қорғансыз, адамдардың ықпалына тез берілесіз.
- «1112» – эмоциональды, жігерлі, шешім тез қабылдайсыз.
- «1222» – көп кездесетін мінездердің бірі. Сіз эмоциональдысыз, бірақ батылдық пен табандылық жетпейді, өзгенің ықпалына тез берілесіз, жақсы сырлас бола аласыз, адамдар сізге ұмтылады.
- «1221» –өте жұмсақ мінез, аңқаулық.
- «1122» – сіз досшыл, көпшіл адамсыз, аздап аңқаулыңыз да бар және қарапайымсыз. Қызығушылықтарыңыз көп, бірақ уақыт жетпейді.
- «1121» – адамдарға көп сенім артасыз, мінезіңіз жұмсақ. Болмысыңыз шығармашылыққа жақын.
- «1111» – консервативті адам емессіз. Шығармашылық өміріңізде үлкен орын алады. Көп заттарға бейстандартты түрде қарайсыз. Сіз қырсықсыз және өзімшілсіз, бірақ бұл сіздің өмір сүруіңізге кедергі жасамайды.
- «1212» – сіз рухы мықты адамсыз, қырсық десе да болады жақсы мағанада. Қалаған мақсаттарыңызға жетесіз.
- «1211» – тұйықсыз, соның салдарынан сізге дос табу оңайға түспейді, бірақ сіз ерік-жігеріңіз мықты адамсыз. Мақсатқа жету жолында сізді ештеңе сындыра алмайды.
- «2112» – сіздің мінезіңіз жеңіл, өз-өзіңізді еркін ұстайсыз, досты тез табасыз, қызығушылығыңызды тез ауыстырасыз.