Семей тұрғыны бір жыл бұрын өлгендер қатарына қосылғанын білді

/uploads/thumbnail/20170709184749957_small.jpg

Семей тұрғыны өзінің тірі екендігін сотта дәлелдеуге тура келді деп хабарлайды tengrinews.kz

45 жастағы ер адам теміржол емханасына келгенде, оған құжат бойынша  1 жыл бұрын өлі адамдардың қатарына кіргенін айтқан. Қостанай облысындағы Федоров ауылында  тұратын әйел өлдіге саналған ер адамның қайтыс болғаны туралы медициналық анықтама сұратқан. Онда 1 жыл бойы өлілердің қатарында жүрген адамның аты-жөні, туған жылы, ЖСН, мекен-жайы көрсетілген.

«Дәрігерлер менің қайтыс болғаным туралы айтқанда есеңгіретіп қалдым. Маған ХҚО баруға кеңес берді. 45 жасқа толуыма орай жеке куәлігімді де  ауыстыруым қажет еді. Онда да менің деректерімді өшіріп тастағанын жеткізді. Құжат бойынша мен 2015 жылдың 24 шілдесінде қайтыс болған екенмін» дейді ер адам.

Өткен жылдың 24 шілдесінде Қостанай облысында онымен аттас Андросов Андрей Николаевич қайтыс болған екен. Тек ол  жылы емес, 1974 жылы туылған.  

«Мен өлген адамдардың қатарына енген уақытта, отбасыммен Тайландта демалып жүргенмін. Өзім туралы күтпеген жаңалықты естігенде, қостанайлық әйелмен хабарластым. Ол моргтан күйеуінің өлгені туралы анықтаманы алу барған.Қолында күйеуінің жеке куәлігі болмаған екен. Тек көшірмесі. Аты-жөніміз сәйкес келген де дәл осындай жағдайға әкеп соққан» дейді Андрей Николаевич.

Ол сотқа жүгініп, 6 қаңтарда оның өлімі туралы шешімді жою туралы қаулының шығуын күтіп жүр.  

 

Қатысты Мақалалар