Мәсімов, Тараз және көш-қон

/uploads/thumbnail/20170708153010530_small.jpg

Шілденің 11- күні Тараз қаласында Премьер-министр Кәрім Мәсімов көші-қон мәселесіне байланысты жиын өткізеді. Жөн-ақ. Бірақ неге Таразда? Тарихы мыңжылдықтарда жатқан Тараздай әйгілі шаһарымды мен өзге қалалардан кем көрмеймін, әйтседе, ұлттық, мемлекеттік мән-мазмұны терең әңгімелер саяси шешім қабылданатын орталықтарда сөз болушы еді ғой. Әлде, премьерге осы бір шетін жайтты тыныш,оңаша жерде талқылау керек болды ма екен? Біз аталған жиынға "Абай.кз" порталының тарапынан Ауыт Мұқибек мырзаны қатыстырмаққа әрекеттеніп едік, құзырлы орындардың ешбірінен жауап болмады. Сұрақ: жиынға кімдер қатысады? Көші-қон мәселесіне бұл жиын қаншалықты ықпал етеді? Көші-қон өз алдына дербес жұмыс істейтін мекемеге айнала ма? Оралман жұрттан талап етілетін қаптаған анықтама, құжат атуалы тәртіптке келе ме, т.б. Әуел десеңіз, премьер қатысатын жиын БАҚ-та жариялана ма, жоқ па? Ертең көреміз.

(Дәурен Қуаттың фейсбуктегі парақшасынан)

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар