Британдық ғалымдар адам өміріне қатысты түрлі пәлсафалық ойларын күн сайын жеткізіп отыр. Алайда, ол тұжырымдар қаншалықты рас екендігі жайлы мақала life.ru сайтында жарық көрген болатын. Сол мәліметтің қазақша нұсқасын Қамшы порталы ұсынады.
Адамдар ғылымға сенуден қалып барады. Кез келген іске араласпай жүрмейтін британдық ғалымдардың тұжырымдары бұл іске себеп болады. Олардың шошқалардың белсенділігін, қаңқыздардың жыныстық өмірін, адам басында үнемі жүретін көңілді әндер және адам есімінінің болмысына әсер етуі жайлы зерттеген тұжырымдары – күлкілі әрі өте өрескел. Дегенмен, біз қателесіп отырған болармыз, олардың тұжырымдары адамзат ғылымында бірден-бір керекті ақпараттар шығар? Олардың бірнеше тұжырымдарына көз жүгіртейік:
- Британдық ғалымдар қысқа белдемше әйел адамдардың ұзақ өмір сүруіне ықпал етеді дейді.
- Британдық ғалымдардың айтуынша, сол иықпен жатып ұйықтау пайдалы, ұйқы қанады және ми демалады екен.
- Ғалымдардың болжамынша, бүлдіршіндер және ересек адамдар боулинг ойнау арқылы арнайы аппаратта жүгіруге қызығып, сол іске беріліп кетеді екен. Бұл тұжырымды дәлелдеу үшін 10 жыл және 250 фунт мөлшерінде қаражат кеткен.
Осы сынды хабарламалар күн сайын әлеуметтік желілердегі лентамызда жаңғырып тұрады. Британдық ғалымдардың мұндай тұжырымдағы мақалалары, кейде маңызды мәселелерге қатысты да ғылыми мақалалары туындап жатады, алайда «британдық ғалымдардың айтуынша» деген фраза халықтың құлағына жауыр бола бастады және де оларға деген сенім доғалып барады, себебі олардың ашқан ғылымдары негізсіз және өтірік деген ұғым да қалыптасқан. Оның ділелі ретінде мына бір сөздерді келтіруге болады: «Британдық ғалымдардың айтуынша, адамдар британдық ғалымдар ашқан жаңалықтарды шындық ретінде қабылдай алмайды». Бұл - желі қолданушыларының шығарған әзілі. Дегенмен, әр әзілде бір зіл бар!
Аударған: Назерке Лабихан