Орта салмақ бойынша әлем чемпионы американдық Джермалл Чарло өзінің BoxingScene-ке берген сұхбатында: Орта салмақ бойынша WBC, WBA, IBF и IBO қара белдеулерінің иесі Генадий Головкиннен қорықпаймын, онымен жекпе-жекке шығуға дайынмын, - деп мәлімдеді. Бұл жайлы vesti.kz сайтында жарияланған болатын, мақаланың қазақша нұсқасын Қамшы порталы лоқырман назарына ұсынады.
Баршамызға белгілі, алдағы уақытта американдық спортшы мен еліміздің тумасы Генадий күш сынанасатын болады.
- Мен бұл қиындықтан қашпаймын, - дейді ол. – Осы уақытқа дейін мен өзіндік стилі қалыптасқан мықты да, тәжірибелі боксерлермен күш сынасқанмын. Бүкіл өмірім бокспен өтіп жатыр, сондықтан да қандай жекпе-жек болмасын маған қорқынышты емес. Бұл жай ғана стратегиялық сұрақ, менің командам алдағы уақытта тағы да жекпе-жектер өткізуі мүмкін, ол нұсқадан да бас тартпаймын.
Генадий Головкин соңғы рет Британдық Келл Брукпен күш сынасқан болатын. Американдық және біздің отандасымыз секілді Келл Брук те жеңіліп көрмеген. Дәл сол жекпе-жекте өмірінде алғашқы жеңілістің дәмін татқан болатын.
Американдық Джермалл Чарло ең соңғы рет Джулияна Уйлямс атты спортшыны нокаутпен құлатқан.
Аударған: Назерке Лабихан