25 қайырымды іс

/uploads/thumbnail/20170709185138489_small.jpg

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Медеу ауданы әкімдігінің бастамасымен  "25 қайырымды іс" акциясы басталды. Іс шараның негізгі мақсаты - Медеу ауданында тұратын аз қамтылған, көпбалалы отбасыларына, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалғызбасы ардагерлерге мереке қарсаңында қолдау көрсету және келе жатқан мерекелерімен құттықтау.

Осы орайда Медеу ауданының білім бөлімі №172 мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, ЖК "Болашақ" ұйымының демеушілігімен мүмкіндігі шектеулі жандар Гойколова Нина Васильевна,  17 жасар Мәметулла  Елдар, 11 жасар Өкенов Нұрбахты, сондай-ақ аудандағы балабақша өкілдері 14 жасар Ляшенко Валерия, 13 жасар Қуатов Әділетті және ардагер Фидосеева Тамара Григорьевнаны Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтай отырып азық-түлік себеттері, жаңа-жылдық сыйлықтар, киімдер табысталып және үстіміздегі жылы өтетін Қазақстанның эстарада жұлдыздарының концертіне билеттер табыстады.

Бұл игі шара Медеу ауданында жыл соңына дейін жүргізіледі.

Бүгіннің өзінде аудандағы кәсіпкерлер,  «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, аудандық құрылымдардың атсалысуымен 200-ге жуық игі іс көрсетілді.

 

 

Қатысты Мақалалар