Әлем чемпионатында қазақстандық хоккейшілер тағы жеңіліс тапты

/uploads/thumbnail/20170709185144374_small.jpg

Германияның Бремерхафен қаласында хоккейден жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында жастарымыз екінші ойында да жеңіліс тапты, деп хабарлайды inform.kz

Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты аясындағы алғашқы ойынын бірінші дивизион, «А» тобында жарыс қожайындары - Германия құрамасымен өткізіп, 5:3 есебімен ұтылып қалған болатын.  Ал кеше жерлестеріміз Франция командасымен сынға түсіп, 3:1 есебімен тағы жеңіліс тапты.

Қазақстандық хоккейшілер енді үшінші ойынын 14 желтоқсан күні Австрия командасына қарсы өткізеді.

Жарыс кестесі:

13.12.2016. Австрия - Германия,

01:00 14.12.2016. Австрия - Қазақстан,

18:00 14.12.2016. Франция - Норвегия,

21:30 15.12.2016. Беларусь- Германия,

01:00 15.12.2016. Австрия - Франция,

18:00 15.12.2016. Қазақстан - Беларусь,

21:30 16.12.2016. Норвегия - Германия,

01:00 17.12.2016. Қазақстан - Норвегия,

18:00 17.12.2016. Беларусь- Австрия,

21:30 18.12.2016. Германия - Франция,

Астана уақытымен көрсетілген.


 

 

Қатысты Мақалалар