Соңғы жылдары бүкіл әлемді теріс ағымды насихаттайтын, мұсылман атын жамылып жұртшылықтың берекесін қашырған террористік топтар көбейіп кетті. Ислам дінін ұстанушылармыз деп елдерді қырып жүрген мұндай адамдар мұсылман емес өзге ұлттардың ой-санасын улап, исламды мүлдем теріс жағынан танытып отыр. Алланың дінін ұстанып, Пайғамбарымыздың жолымен жүрген адамдар ел арасында өте күдікті, жұрт қорқатын адамдар болып қалыптасып келе жатыр. Бұл жайында шетелдік азаматтар не ойлайды екен?
Шетелдік сайттардың бірінде «Мұсылмандарсыз әлем қандай болар еді?» деген тақырыпта мақала жарияланған екен. Қазақша нұсқасын Қамшы порталы оқырман назарына ұсынады.
Бүкіл әлемде исламфобияның толқыны жүріп жатқандығы сөзсіз.
Соңғы бір-екі күндегі жаңалықтар легі мынадай: Стамбулдағы болған кезекті жарылыс салдарынан 38 адам ажал құшты; джихаттар Египетте 20 шақты христиандық коптарды шіркеулерінде жарып жіберді; Нигерияда 7-8 жастағы бүлдіршіндер жергілікті базарлардың бірінде 56 адамның жанын алып кеткен жарылыс жасады.
Ал, Сирия елінің үкіметі Пальмир үшін соғыста ДАИШ-тардан жеңіліс тапты. Сорақысы тарихи қала толықтай қиратылады.
Расымен де мұсылмандар болмаса, әлемдегі жағдай жақсырақ болар ма еді?
Егер әлемде мұсылмандар болмаса, онда мынадай заттар да болмас еді:
- Кофе
- Фотокамера
- Эксперименталды физика
- Шахмат
- Сабын
- Иіссу
- Ауылшаруашылығындағы ирригация мен революциялық жүйе
- Клапондар мен поршндар
- Кодталған құлыптар
- Архитектурадағы жаңалықтар – домалақ мұнаралар мен мозаикалар
- Көптеген хирургиялық құралдар
- Ауруды басатын дәрі-дәрмектер
- Перьялық қаламдар
- Алгебра мен тригонометрия
- Замануи криптология
- Кілемдер
- Жоғары оқу орындары
- Заманауи оптика
- Ұлтқа арналған әндер
- Тіс щеткасы
- Теңіз компасы
- Алкогольсіз сусындар
- Брайля шрифті
- Боянатын заттар
- Каллиграфия
- Әйнектер
- Қағаздар
Жарық сәулесінің біздің көзіміздің ішіне кіретінін ең алғаш байқаған адам да мұсылман болатын.
Райт бауырларына дейін 852 жылы алғаш ұшақты жасап шығармақшы болған адам да мұсылман – Жәбір ибн Хаян.
Бұл адам химия ілімінің негізін салушы ғалым ретінде танылған. Дәл осы ғалым алхимияны жалпақ жұртқа түсінікті «химия» ғылымы ретінде қалыптастырған.
Робот техникасын ойлап тапқан тағы бір адам – Әл-Жазари.
Сонымен қатар Генрих 5 сарайының сәулетшісі де мұсылман болған. Ол болмаса, Еуропа сәулет өнерінің жағдайы не болар еді?
Дженнер және Пастер атты екі мұсылман екпелердің маңызын дер кезінде түсініп, өз науқастарына екпе еге бастаған. Осының арқасында өте қауіпті оспа ауруының алдын ала білдік. Батыстықтар Түркия елінен сол аурудың емін өздеріне көшіріп алған.
Жердің домалақ шар тәріздес екенін де дәл сол мұсылмандар алғаш аңғарған. Олар бұл тұжырымды Галилейге дейін 500 жыл бұрын жасаған.
Әлемде 1,5 млрд мұсылмандар бар. Олардың да бар қалайтыны – бейбітшілік!
Қамшыгер: Лабихан Назерке