Бибігүл Алдамжарова: Қазақтар, сендер әлі ресейлік шовинизмнен құтылмадыңдар!

/uploads/thumbnail/20170709185231383_small.jpg

Бір жеті бұрын Қостанайда екі көшенің аты өзгертілгені жайлы Қамшы порталы жариялаған болатынбыз. Алайда, ол мәселеге қатысты дау-дамай әлі күнге дейін толастар емес.

Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай социалды-техниуалық университетінің басшысы Бибігүл Алдамжар бұл іске қатысты өзінің наразылығын білдірді. Ол кісі 6 желтоқсан күні Қостанайдағы Герцен мен Таран көшелерінің атын өзгертуге қатысты қоғамдық жиналысқа қатысқандығы жайлы 365info.kz сайты хабарлайды, қазақша нұсқасын Қамшы порталы оқырман назарына ұсынады.

Көшелердің атын ауыстыру мәселесінде қоғам екіге бөлінді. Бірі – Қобыланды батыр есімін берейік десе, екінші жақ – Зұлқарнай Алдамжар атымен атайық десті. Бірінші тараптың Зұлқарнай Алдамжар есімімен атауға келіспегендіктері университет басшысының ашуына тиіп кетті.

– Кейбір адамдар ресейлік шовинизмге беріліп, өзінің не айтып отырғанын түсініп тұрған жоқ. Неден қорқасыңдар, қазақтар?, - деп шамданды Бибігүл Алдамжар.

Коммунистер, сендер осының барлығын өз ақшаларыңа салдыңдар ма?, - деп сөзін жалғады.

 – Ал, менің әкем несие алып, салды. Мына Қостанай университетінің бұзылған  мекемесінің салынуына  2 млн қаражат кетті. Соның несиесін 7 жыл бойы төледік. Бұлай деп айтатындай сендердің қандай қақыларың бар?

Біз мәдениет үйін 450000 долларға сатып алғанбыз. Осы күнге дейін соның несиесін төлеумен келеміз. Ал, мына жастарға қараңыздаршы, олар не деп жатыр. Оларға Герцен көшесі мен Пушкин көшесі қымбат па? Ондай дәнеңе де жоқ, қымбаттыларым. Олар жәй ғана қорқады, ертең мемлекет алдында жауапқа тартыламыз деп қорқады.

Бұл жиналыстан кейін Герцен көшесінің аты Қобыланды батыр есіміне, Таран көшесі – тәуелсіздік көшесі болып ауысады деп шешім қабылданған болатын. Бірақ бұл істің дауы мұнымен біте қоймады.

9 желтоқсан күні қалалық мәслихат депутаты Сәьит Ісмұратов Қостанай әкімшілігіне жиналыста болған жағдайға байланысты істі қайта қарауын бұйырған.

– Қостанай қаласының біртуар тұлғаларын қорғаңдар. Қазақтың атынан ешкімге де ауыз ашып қарамауымыз керек! – деп  кезексіз маслихат жиналысында Ісмұратов қалалық әкім орынбасары Бибігүл Аккужиноваға мәлімдеген болатын.  

13 желтоқсанда Қостанай әкімі Қостанай университетіне Алдамжарованың  өрескел іс-әрекет көрсеткеніне қатысты хат жолдағаны мәлім болды.

Дауға ұласқан көше атауларына келер болсақ, оларды ауыстыру жұмыстары республикалық ономастикалық комиссия мүшелерінің қорытындысынан кейін ғана жүзеге асырылады. Бұл мәселеге қатысты жиналыста дауыс беру құқығына тек депутаттар ие болған. 

Аударған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар