Қытайда ең бай адамдардың бірі Лю Хан есімді миллиардер өлім жазасына кесілді

/uploads/thumbnail/20170709185308836_small.jpg

ҚХР қылмыстық кодексінің 13 бабы бойынша істі болған миллиардер Лю Ханды Қытайда өлім жазасына кесті.

Бұл өлім жазасы Қытайда заң алдында бәрі бірдей екенін көрсетті.

South China Morning Post басылымы хабарлағандай, Лю Ханға шығарылған жаза өткен жылдың мамыр айында бекітілген екен. Ол бірден 13 бап бойынша айыпталып отыр.

Іс жүргізілгенде Қытайдың ең бай адамының бірі адам өлтірумен айналысатын ірі қылмыстық топты жасырын басқарып келген, заңсыз казино мен қару-жарақ сатумен айналысқан.

1997 жылы әлемдегі ең ірі темір кені Hanlong Group-тың  негізін қалаған Лю Ханға банктік кредит алу кезінде қате ақпарат бергені үшін  300 млн юань айыппұл салды. Лю Ханмен бірге оның айналасындағы төрт адам да өлім жазасына кесілді.

Гонконг журналдарының мәліметінше, Лю Хан ҚХР мемлекет қауіпсіздігінің бұрынғы басшысы Чжоу Юнканмен тығыз қарым-қатынаста болған. Сол себепті ол жауапкершіліктен қашып жүрген. Ал өткен жылдың желтоқсанында Чжоу Юнканның өзі қызметтен босатылды. Оған да коррупциялыққа қатысы бар деген айып тағылады деп күтілуде.  Істі жүргізу барысында бұрынғы қауіпсіздік бастығы пара алып, туыстары мен достарын лауазымды орындарға тартып отырғаны анықталды.

Қатысты Мақалалар