Шерікбай Ұнатұлын еске алуға арналған концерт өтеді

/uploads/thumbnail/20170709185319443_small.jpg

Бай Өлкедегі ағайындар арасында танымал, Қазақстанда білім алып, Монғолия қазақтары мәдениетіне үлес қосқан, өмірден ерте озған Шерікбай Ұнатұлын еске алуға арналған концерт өтеді. Бұл туралы белгілі кәсіпкер, марқұмның досы Ахметбек Нұрсила Facebook парақшасында жазды.

«Құрметті Байбесіктік ағайын! Шерікбай марқұмды білмейтіндеріңіз жоқ болар. Биыл тірі болса 50-ге келеді екен. Марқұмды еске аламыз деп, көзін көрмесе де, артындағы тұяғының өнерін құрметтейтін Семейлік азаматтар Шерікбайды еске алу кешін ұйымдастырып жатыр екен. “Қарға да болса елміз ғой”, осы шараны қолдай алмасақ елдігімізге сын болар. Қытайда келген ағайындар небір керемет шаралар өткізіп жатқанда қызыға да, қызғана қарап отырамыз. Біздің береке-бірлігімізді көрсететін шара болсын. 

Байбесіктенмін деген ағайындарға арқылы тарата жүріңіздер. Сол концертте кездесіп, бір арқа –жарқа болып қалайық. Елдігімізді, барлығымызды көрсетейік. Кешті белгілі ақын Ұларбек Нұрғалымұлы жүргізеді. 

Билеттің құны: Алдыңғы орындар 3000 теңге, ортадан бастап 2000 теңге, балкон 1000 теңге. 
Концерттен түскен табыс: Шерікбайдын отбасына көмек көрсетуге, концертте өнер көрсеткен өнерпаздарға сый ақыға және концерт залын жалға алуға жұмсалатын болады. Осы шараға демеушілік көрсетемін деген жандар ұйымдастыру алқасына хабарласыңызуларыңызды сұраймыз. 
Сапалы қазақ” ұйымы», - делінген хабарламада. 

Концерт 28 желтоқсанда, Алматыдағы Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияның концерт залында өтеді.

Қатысты Мақалалар