Мақтарал ауданының мақта шаруашылығында бәсекеге қабілеттілігі артып келеді

/uploads/thumbnail/20170709185331428_small.jpg

 

ОҚО-ның аудандарында мақта шаруашылығын механикаландыру деңгейі бір қалыпты емес әртүрлі екенін атап өткен жөн. Мақта өсіру Мақтарал ауданында жоғары деңгейде, ірі шаруашылықтар және тегіс алқаптарда  жақсы дамыған. Осы салада ұзақ жылдар бойы қызмет істеп келе жатқан азамат ретінде өз ойымды білдірейін деп едім.

         2016 жылы ОҚО-ның мақта өсіретін аудандары бойынша мақта егіс алқабы құрылымында 5 га дейінгі шағын шаруа қожалықтарының үлесі 51,9% құрады, 10 га дейін – 6,4%, Мақтарал ауданында бұл көрсеткіштер – 74,5% және 22,5% болды.   Шағын тауарлы шаруа қожалықтарында мақта-шикізаты өндірісі технологиясының барлық сатыларында, операцияларында қол еңбегі басым орындалады. Тек топырақты егіс алдында дайындауда, тұқым себуде және қатар (жүйек) араларын баптауда (культивациялауда) машина мен құралдар қолданылады. Шағын шаруа қожалықтарында мақта-шикізаты өндірісін механикаландырудың маңызды ерекшелігі – жер үлестерінің шағын аумағы және олардың пішіндемелерінің күрделілігі.

         Қазіргі уақытта бәсекелестікте тек қана кешенді механикаландыруды  кең қолданған шаруа қожалықтары ғана шыдай алады. Сонымен бірге, мақта шаруашылықтарында механикаландыру деңгейін көтерумен жаңа, жетілдірілген агротехникалық әдістерді қолдану мақта өнімділігін арттыру мүмкіндігіне себеп болады. Шағын шаруа қожалықтарында қажетті техниканың жоқтығынан қорүнемді (ресурсүнемді) және озық технологиялар ғана емес дәстүрлі технологияларды да қолдана алмайды, ал жер және еңбек мүмкіндіктерін тек жартылай ғана қолданады. Олар техникалық жаңғырту және қорүнемді технологияларға өтуде несие алу үшін несие берушілердің талаптарын өндіру үшін  уақытын өткізеді және олардың қойған талаптарына  көнуге мәжбүр

Саны басым шағын шаруа қожалықтарында мақта егісі көп жылдар бойы тек қана бір жер үлесінде өсіріледі, ауыспалы егіс жүйесі қолданылмайды. Сол себепті  мақта-шикізатының түсімділігі жыл сайын бір деңгейде. Жыл сайын өнім алу органикалық және минералдық тыңайтқыштарды енгізумен жүзеге асырылады. Сонымен бірге, тиеу-түсіру және органикалық тыңайтқыштарды шашу қол еңбегімен орындалады. Негізгі шағын шаруа қожалықтарының басым көпшілігі отбасы негізінде ұйымдастырылған, ал жанұяда 2-3 толық жұмыскер бар және олар еңбек қорларымен шектелген. Келешекте бұл өзекті мәселені шешу одан ары қиындайды. Себебі, еңбек құны мен айрықша білікті мамандарға (механизаторлар, сушылар т.б.) талап артады.

Жарас Ануарбек,

Мақтарал ауданының тұрғыны

Қатысты Мақалалар