Аргентина ұлттық құрамасы мен «Барселона» футбол клубының шабуылшысы Лионель Мессидің нөмірі жазылған ақ-көгілдір түсті футбол жейдесін пакеттен жасап алып, әлем назарын өзіне аударған ауғанстандық бүлдіршін Мұртаза Ахмади әйгілі футболшымен кездесті.
Қаңтар айында тараған осы суреттегі баланың көк пакеттен футболка жасап, артына «MESSI 10» деген жазу жазып алған суреті бүкіл әлемге тарап кеткен болатын.

Одан кейін Мессидің өзі кішкентай жанкүйерін іздеп жатқаны мәлім болған. Көп өтпей Ауғанстан футбол федерациясының қызметкерлері Лионель Мессидің өкілдерімен байланысқа шығып, қолы қойылған жейдесін жеткізген еді.