Айтыскер ақын Сара Тоқтамысованы енді әнші ретінде танитын боламыз(Видео)

/uploads/thumbnail/20170709185328601_small.jpg

Kazamuza.net сайтында айтыскер ақын Сара Тоқтамысованың орындауындағы «Ақеркем» әні шықты. Сөзін ақынның өзі жазған, ал әні Асқар Жайлаубаевтікі. Мәтініне қарап әннің ұзатылып бара жатқан қызға арналғанын байқауға болады. Туынды youtube желісіне де жүктелген деп хабарлайды inform.kz

Айтыскер ақындардың әншілікке бет бұруы бірінші рет емес. Бұған дейін айтыс арқылы танылған Төреғали Төреәлі де біржола әншілікке бет бұрып, айтысты доғарды. Ақын Ақмарал Леубаева да бейнебаян түсірді. Ал, жақында айтыс аламанында талай темір тұлпарды еншілеген Айнұр Тұрсынбаева да өзінің қызына арнап шығарған әнді телебағдарламалардың бірінде орындаған еді.

Айтыскерлер де әншілікке бет бұра бастады. Мұны себебі не? Қолдарынан домбырасы түспейтін айтыскер ақындарымыздың қолынан ендігі кезекте микрофонды жиі көретін секілдіміз. Дегенмен, басқа көптеген әншілер сияқты емес, бұл кісілер өздерінің таза дауысымен халықты алдамай ән шырқайтын болар деп сенеміз.Жоғарыда айтып өткендей бірнеше айтыскер ақындарымыз әншілікке бет бұрғалы айтыс өнерін тежеп қойған еді. Айтыстың тізгінін қолына алып, ата-бабамыздан қалған ұлттық өнерімізді жалпақ жұртқа дәріптеп, ұрпақ тәрбиелеу ісіне кеңінен ықпал жасап жүрген бұл ақындарымыз да айтыстан кетеді деген сөз бе?

Қамшыгер: Лабихан Назерке 

 

Қатысты Мақалалар