Биыл қазақстандықтар Google-ден ең көп іздеген тақырып: Есентаева мен «Отряд самоубийц» фильмі

/uploads/thumbnail/20170709185327478_small.jpeg

Google 2016 жылғы Қазақстандағы топ-сұранымдарды ұсынады. Бұл туралы «Қамшы» порталы Google Қазақстан-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы. 14 желтоқсан 2016 жыл – Бүгін біз 2016 жылдағы Google ең әйгілі сұранымдарының қорытынды рейтингін ұсынамыз. Әдеттегідей, жылдың соңында Google қазақстандық қолданушыларын 2016 жылы не қызықтырғандығын және қандай сұрақтарға жиі іздегендерін білу үшін біз миллиондаған іздеу сұранымдарын талдадық.

Осы жылдың топ-сұранымдары қазақстандықтардың киноға және сериалдарға қызығушылығын көрсетті. Сөйтіп, Қазақстандағы жылдың ең әйгілі сұранымы «Мажор 2 сезон» сериалы болды. Ондыққа сонымен қатар как “Игра престолов 6 сезон”, “Физрук 2”, “Запах клубники”, “Отряд самоубийц” және «Дэдпул» сияқты кинематографиялық сұранымдары кірді. Одан бөлек, Google қазақстандық қолданушылары Риодағы Олимпиада ойындары және футболдан Еуро 2016 чемпионаты туралы ақпаратты белсенді іздеді.

«Персона» категориясында бірінші орынды Баян Есентаева алды. 2016 жылы ондыққа сонымен қатар жаңадан сайланған АҚШ президенті Дональд Трамп, британдық актер Алан Рикман және аңызға айналған Мұхаммед Әли кірді.

«Жыл фильмі» категориясында « Отряд самоубийц» комиксінің экранизациясы үздік болды. Сонымен қатар бірінші ондыққа «Дэдпул», «Доктор Стрэндж» және Бэтмен против Супермена» блокбастерлері, «Зверополис» мультфильмі, «До встречи с тобой» мелодрамасы және «Келинка Сабина» аты шулы қазақстандық комедиясының екінші бөлімі кірді.

Сериалдардың арасында қазақстандықтар жиірек «Дене шынықтыру мұғалімі» «Физрук», «Кухня» және «Универ» комедиялық телесериалдарының, «Мажор» криминалды детективінің және «Игра престолов» фэнтезиінің жаңа маусымдарын іздеген.

«Жыл саудасы» категориясында ағымдағы жылда темір жол билеттерін сатып алуға сұранымдар көшбасшы болды. Қазақстандықтар сонымен қатар Астанада пәтер мен Краснодар өңірінде үй сатып алуға, «Урал» мотоциклін, гироскутерді, тіпті кернеуді тұрақтандырғышты сатып алуға қызығушылық білдірген.

Қазақстандағы 2016 жылдың ең әйгілі сұранымдарының толық тізімі келесідей:

 

Ең әйгілі сұранымдар:

 

  1. Мажор 2 сезон
  2. Физрук 3 сезон
  3. Евро 2016
  4. Игра престолов 6 сезон
  5. Олимпийские игры 2016 в Рио
  6. Запах клубники
  7. Отряд самоубийц
  8. Баян Есентаева
  9. Битва экстрасенсов 17 сезон
  10. Дэдпул

 

Жыл адамы:

 

  1. Баян Есентаева
  2. Ерасыл Аубакиров
  3. Сафар Шакеев
  4. Дональд Трамп
  5. Ислам Каримов
  6. Торегали Тореали
  7. Данияр Елеусинов
  8. Пратюша Банерджи
  9. Мухаммед Али
  10. Алан Рикман

 

Жыл фильмі:

 

  1. Отряд самоубийц
  2. Дэдпул
  3. Зверополис
  4. Выживший
  5. До встречи с тобой
  6. Иллюзия обмана 2
  7. Доктор Стрэ ндж
  8. Бэтмен против Супермена
  9. Первый мститель: Противостояние
  10. Келинка Сабина 2

 

Жыл сериалы:

 

  1. Мажор 2 сезон
  2. Физрук 3 сезон
  3. Игра престолов 6 сезон
  4. Запах клубники
  5. Любовь напрокат
  6. Молодежка 4 сезон
  7. Кухня 6 сезон
  8. Универ. Новая общага 11 сезон
  9. Любовь не понимает слов
  10. Лестница в небеса

 

Жыл саудасы:

 

  1. жд билеты
  2. квартира в Астане
  3. авто
  4. мотоцикл Урал в Ирбите
  5. шины
  6. дом в Краснодарском крае недорого без посредников
  7. смартфон
  8. стабилизатор напряжения
  9. бассейн
  10. гироскутер

 

2016 жыл Google  іздеу жүйесінің қазақстандық қолданушылары үшін осындай болды. 2016 жылы әлемнің түрлі елдерінің назарын аударған адамдар, жерлер және оқиғалар туралы Google-дан білу үшін google.com/2016 сайтына міндетті түрде кіріңіз.

 

Alphabet Inc. туралы

Ларри Пейдж бен Сергей Брин 1998 жылдың қыркүйегінде Google компаниясының негізін қалады. Бүгін компанияда бүкіл әлем бойынша 50 000-нан астам қызметкер жұмыс істейді және Google Іздеу, Карталар, AdWords, Gmail, Android, Chrome және YouTube сияқты өнімдер мен платформалардың кең спектрін ұсынады. 2015 жылдың қазан айында Google компаниясы Alphabet холдингтік компаниясының құрамына кірді. Alphabet миссиясы туралы толығырақ ақпаратты мына жерден алуыңызға болады.

Қатысты Мақалалар