Прокуратура: Әбләзов әлі де қылмыстық жауапкершіліктен жалтара алмайды

/uploads/thumbnail/20170709185354663_small.jpg

Қазақстанның Бас прокуратурасы Мұхтар Әбләзовтың босап шығуына байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы "Қамшы" порталы прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қылмыстық істі тергеу аяқталған жоқ. Өйткені, Әбілязов және оның бірқатар сыбайластары  сот әділдігінен жалтарып кетті. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес, айыпталушы тұлғаларды  құқыққорғау органдары тарабынан қылмыстық қудалау - оны сотқа тапсырғанға дейін жалғасуы тиіс. Сондықтан Қазақстан Бас прокуратурасы қай юрисдикцияда болса да айыпталушыларды ұстау, тергеуді аяқтау, әділ сот төрелігін қамтамасыз ету және келтірілген шығынның орнын толтыру  үшін заңда көзделген барлық шараларды қабылдайтын болады», - делінген мәлімдемеде.

Әбләзовпен оның сыбайластары 7,5 млрд. доллардан астам қаржы жымқырған. Әбләзовке қатысты қылмыстық іс 160-тан аса эпизодтан тұрады. 

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 9 желтосанында Франция Республикасының Мемлекеттік Кеңесі (жоғары әкімшілік инстанция) Франция Премьер-Министрінің Әбләзовты Ресейге экстрадициялау туралы шешімін жойған.

Қатысты Мақалалар