Тараз қаласында ҚР Тәуесіздігінің 25 жылдығына арналған монумент ашылды

/uploads/thumbnail/20170709185445350_small.jpg

Монумент Төле би даңғылы мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысында орналасқан. Монументтің салтанатты ашылуына облыс басшысы Кәрім Көкірекбаев, шығармашылық тұлғалар, ардагерлер мен жастар жиналды. Аталған шара барысында облыс басшысы монументке гүл шоқтарын қойып, көпшілікті алдағы келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

«Бұл – тәуелсіздіктің нышаны, ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға жалғасатын нышан. Монументтің жоғарғы жағында «Қазақстан-2050» Стратегиясының белгісі қойылған. Тәуелсіздік – біздің жақсы өміріміздің негізі. Ұлт басшысының басшылығымен біздің ел әлеуметтік-экономикалық және саяси қиындықтарды жеңе білді, және 50 дамыған елдің қатарына енді», - деп атап өтті облыс әкімі.

Жаңадан ашылып, Тараз қаласына ерекше көрік беріп тұрған бұл монументтің биіктігі 14 метр, жоғары жағында «Қазақстан-2050» стратегиясының белгісі орналастырылған. Ал ең төбесінде қазақтың қасиетті шаңырағы белгіленген.

 

Қатысты Мақалалар