Орта жасқа келген шақта ислам дінін қабылдаған адамдардың әңгімесі

/uploads/thumbnail/20170709190240661_small.jpg

Антон Кротов – саяхатшы, жазушы.

Мен 2001 жылы мұсылман болдым. Ол кезде жасым 24-те еді, саяхатшы болғаныма 10 жыл толған.  Сол әлемді кезіп жүргенімде көптеген мұсылман мемлекеттеріне бардым.  1999 жылы Суданға барып, ол жақта 20 жыл бойы велосипедпен әлемді шарлап жүрген  француздық жігітті кездестірдім.  Ол мұсылман екен, күрішпен сурет салып, содан ақша табады. Алайда, менің ислам дінін қабылдауыма онық аса ықпалы бол қоймады.

Мұсылмандыққа өтпес бұрын мен Иранда, Пәкістанда, Түркияда, Сирияда, Египетте, Иорданияда, Суданда және де Орталық Азия мемлекеттерінде болдым. Алайда Орталық Азияны толыққанды мұсылман мемлекеттерінен құралған деп айта алмаймыз, ол негізінен кеңестік. Қазақстанды нақты мұсылман мемлекеті деп айта алмаймын, ал Тәжікстанда мұсылмандықтың иісі сезіледі. 30 жыл бұрын Иран елінде исламдық революцияны енгізгеннен кейін жоғары жақтан адмдарға қатаң талап қойыла бастады, Иран елінің азаматтары жақсы мұсылман болуы керек, ал кез келген үйден: «Намаз – әр мұсылманға парыз» деген жазуды көруге болады. Мұндай ислами қатаң тәртіптерге жастардың көзқарасы мүлдем бөлек болды, олар мұны қабылдай алмады, өздеріне батыстық стильді, алкогольді және жалаңаш қыздармен көңіл көтеруді рұқсат етілгенін қалады. Ал Түркия мемлекетінде керісінше, жастар ислам дінін қатаң ұстанады және жастайынан мұсылмандыққа бет бұра бастайды.

Менің ойымша, террористердің барлығы мұсылмандар деп айтатындар тікелей саясаттан хабары жоқ адамдар. Егер біздің еліміз мұсылман мемлекеттерінің бірі болып және оңтүстігімізде соғыс жүріп жатқан болса, онда террористердің басым бөлігі христиандар деп ойлаушы еді. Барлығы да биліктегілердің қандай дінді ұстанып, қолдауына байланысты.

Али (Вячеслав) Полосин – философ, «Ислам» журналының бас директоры, дін маманы.

Мен жоғары оқу орнына философия факультетіне  түскен кезімде негізгі мақсатым мамандық алып шығу емес, шындыққа көз жеткізу болатын. Емтихан уақыты жақындап қалған, алайда, дайындығым аса мықты бола қоймады. Өзім білмейтін Құдайыма сиына бастадым, содан емтиханға кіріп, өзім жаттаған билетті алғанымда таңқалдым, біреу әдейі менің қолыма сол билетті ұстатқандай болды. Библияны ең алғаш екінші курста оқыдым.

Кейіннен оқуды бітірген соң біраз уақыт жұмыссыз жүрдім. Содан Орталық Азияға барып жұмыс жасай бастадым. Сол жақта бірінші рет мұсылмандармен таныстым. Ол тәжік болатын, көрші ауылдағы шіркеудің бағбаны еді. Ол елде мұсылмандықты қатаң ұстанатын: бүкіл жерде бейресми құлшылықтар жасалатын, әйелдер мен балаларға арнап құпия тренингтер жүргізетін, ал ауыл тұрғындарының жиналысында Құранның сүрелерін көп білетін жас бала қариялардан жоғары тұратын. Кеңестік билік тіпті жоқ сияқты көрінетін. Маған мұсылмандардың өз діндеріне беріктігі қатты ұнады.

Қағба жайлы естігенімде мен нақты шешім қабылдадым. Малевичтің «Қара шаршысы» секілді Құдайдың шексіздігін, ол әрдайым бізбен бірге екендігін бізге Қағбаның танытатындығын түсіндім. Сол арқылы менің көзім ашылды, ислам кітаптарының бірін де оқымай мұсылмандыққа бет бұрдым. Мұсылман болғаннан соң бірден молда және имам болмаймын дедім, мені жәй ғана Әли аға деп атағандарын қаладым. Исламнан өмір бойы таба алмаған сұрақтарыма жауап таптым.

Лилияна (Ульяна) Макарова – үй шаруасындағы әйел.

Мен Новосибирск қаласында жүргенімде қазіргі жарыммен таныстым. Ол кезде жақсы қызметте жүрген едім – мейрамхана бизнесімен айналысатынмын. 2003 жылы біздің қалаға іссапармен екі араб келді. Фирма бастығы маған іскерлік келіссөз жүргізуде қасында болуымды сұрады. Солардың бірі менің жарым Амир еді.

Бір жарым айдан кейін ол маған үйленуге ұсыныс жасады, мен келістім. Алайда, оған ешқашан да ислам дінін қабылдап, орамал тақпаймын деп ескерткен болатынмын. Ол да келісті. Кейіннен үш ай өткен соң өзімнің қалай мұсылмандықты қабылдағанымды білмей қалдым. Бұл нәрсеге, әрине, күйуімнің ықпалы зор болды. Мұсылманмен жұмыс істеген бір бөлек, ал бірге бір шаңырақ астында тұрған мүлдем бөлек екен.

Бірден орамал тақпадым, ол мен үшін ауырға соқты. Ішкі жан дүниеммен исламды қабылдадым, намаз оқыдым, мешітке бардым, алайда орамал тағуға бірден бел буа алмадым. Алдымен тек мешітке барғанда ғана тағатынмын, кейіннен басқа мұсылмандарға қонаққа барғанда да тағып жүрдім.

Бір жылдан соң Осман атты ұлым дүниеге келді. Біз ол кезде Араб әмірлігіне көшіп барған болатынбыз. Сол жақта ең алғаш күйуіме ниқаб алып беруін өтіндім.

Менің балаларымның барлығы да мұсылман, алайда, егер олар басқа дінге өтулерін қаласа да олар менің балаларым болып қалады. Мен өзім бұл жағдайды басымнан кешірдім және де тек жалғыз Құдай ғана бар екенін білдім.

Материал esquire.kz сайтынан аударылған.

Аударған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар