Шерзат Полаттың ісі бойынша сотталған Думақ Ысқақов бостандыққа шықты

/uploads/thumbnail/20250725140911696_big.webp

Шерзат Болат ісі бойынша кәмелетке толмаған сотталушы Думан Ысқақов бостандыққа шықты. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

Адвокат Думан Ысқақовқа қатысты бұлтартпау шарасы өзгертіліп, ол қамаудан босатылғанын айтты.

"Думан Ысқақов бірінші сатыдағы сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеп қойғандықтан, Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мусабекованың 2025 жылғы 23 шілдедегі сот қаулысымен бұлтартпау шарасы жойылып, ол қамаудан босатылды", — деді Мейірман Шекеев. 

 
 

Қатысты Мақалалар