Перизат Қайратқа қатысты сот үкімі шықты

/uploads/thumbnail/20250725155945550_big.webp

Астанада судья Сабыржан Кәрімов Перизат Қайратқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталды. 

ТӘРКІЛЕНГЕН МҮЛІКТЕР:

  • Ұрланған қаражатқа сатып алынған мүліктері:
  • «Vela Village» коттедж қалашығындағы жеке үй;
  • «Akbulak Riviera», «Sensata Plaza», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер мен тұрақ орындары;
  • «Mercedes-Benz S450» 2024 ж., «Lexus LX 600» 2024 ж.;
  • «Rebel Flowers» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100% үлесі;
  • 97 млн теңгеден астам қаражат және 22 мың АҚШ доллары тәркіленді.
  • Жәбірленушілердің азаматтық талап қоюлары қанағаттандырылды.
  • Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы және 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Прокурорлардың мәліметінше, 2021 жылдан 2024 жылға дейін Перизат Қайрат пен оның анасы 3,5 млрд теңгені қолма-қол шешіп алған.

Қатысты Мақалалар