Өгей қызын зорлады деп айыпталған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

/uploads/thumbnail/20250723144342831_big.webp

Павлодар облысының соты кәмелет жасына толмаған өгей қызын зорлады деп айыпталған 48 жастағы ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айырды. Қыз баланың жасы небәрі 13-те болған. 

Полицияның қолына түскен М. есімді ер адамға Қылмыстық кодекстің 120 бабы 4 тармағы бойынша айып тағылған. Оның ісі жабық режимде өткен.

Аталған істің мән-жайын заңмен жария ету мүмкін болмағандықтан процесс жабық режимде өткен. Сотталушының кінәсі жәбірленуші, куәлер мен сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша дәлелденген.

"Істің мән-жайын және сотталушының жеке басын ескере отырып, оған қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеумен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – делінген облыстық сот таратқан ақпаратта.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қатысты Мақалалар