Саддам Хұсейнге жалған айыптар тағылған

/uploads/thumbnail/20170709190311763_small.jpg

АҚШ жендеттерінің қолынан қаза тапқан Ирактың бұрынғы президенті Саддам Хұсейнге таққан айыптарының шындыққа сай келмейтіні, яғни, саяси мақсаттар үшін ойдан шығарылғаны әшкере болды деп хабарлайды islam.kz 

Бұл жайында Орталық барлау басқармасының бұрынғы тергеушісі Никсон, яғни, кезінде Саддам Хұсейнді тергеген тергеуші жуырда жарық көрген өз кітабында жария етті. Оның жазуына қарағанда, Ирак АҚШ-қа және өзіне көрші мемлекеттерге қарсы қандай да бір әскери іс-қимылдарды жоспарламаған. Ол ол ма, Ирак лаңкестермен де еш байланысы болмаған және жаппай қырып-жоятын қаруға ие болмаған. Сондай-ақ, автордың келтірген дәйегі мен дерегі бойынша Саддам Хұсейн мемлекетті басқару ісінен қол үзіп, Иракта билікті төікеріп тастаудың арты неге апарып соғатынын ескерткен екен. Тергеу кезінде Саддам америкалықтардың әлемдегі өзге халықтардың менталитетімен, әдет-ғұрпымен, тіпті, климатымен де санаспайтын кеудемсоқтығын ашына мәлімдегенін де келтіре кеткен. «Тарих оның сөзінің дұрыс екендігін дәлелдеп берді»,- деді ОББ-ның бұрынғы қызметкері.

Қатысты Мақалалар