Ресей елшісіне жасалған қастандыққа әлем елдері пікір білдірді

/uploads/thumbnail/20170709190327983_small.jpg

БҰҰ бас хатшысы баспасөз өкілі Степан Дужаррик Ресейдің Анкарадағы өкілетті елшісі Андрей Карловқа жасалған қастандықты айыптады.

Дужаррик жасаған баспасөз мәлімдемеде бұл шабуылдың ешқандай да заңды негізі жоқ екенін атап өтті. Қастандық жасаушылардың заң алдында жауап беруі тиіс екенін айтты ол сөз сөзінде.

АҚШ-тың БҰҰ өкілі Саманта Пауэр де әлеуметтік желідегі есебінен жасаған мәлімдемесінде шабуылды айыптап, Карловтың отбасына көңіл айтты.

Ұлы Британияның Сыртқы істер министрі Борис Джонсон те айыптау мәлімдемесін жариялады. Ол өз мәлімдемесінде «елшінің отбасымен бірлікте» екенін айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан Сенаты Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев та Ресейге көңіл айтты.

Reuters хабарлағандай, қастандық әрекетінен кейін Эрдоған Путинге қоңырау шалып, оқиға туралы мәліметтермен бөліскен.

Қатысты Мақалалар