Қазақстан азаматтарына Түркия мен Германияда сақ болуға кеңес берілді

/uploads/thumbnail/20170709190336103_small.jpg

Қазақ билігі аталған елдерде туристік және басқа де себептермен жүрген Қазақстан азаматтарын қатаң сақтық шараларын жасауға, барынша абай болуға шақырады. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали Facebook желісіндегі парақшасында жазды. 

Айта кетейік, 20 желтоқсанда Берлин орталығында Гедехтнискирхе шіркеуінің маңында жәрмеңке өтіп жатқан жерде жүк көлігі адамдар тобын қағып кеткен болатын. Салдарынан соңғы ақпаратқа сай 12 адам қаза тауып, 48 адам жарақат алды. Deutsche Welle басылымның мәліметінше, оқиға орнын полиция қоршауға алған. Мұнда өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем көліктері келген. Соңғы мәліметке сай жүк көлігін тізгіндеген жендет тұтқындалған. ДАИШ-тың бұл қылмысты өз мойнына алғаны хабарланды.

Марат Иғалидің айтуынша, ҚР СІМ Департаментіне қазақстандық туристердің зардап шеккені жайлы мәлімет түспеген. "ҚР СІМ Туризм индустриясы департаментіндегілер Германия аумағында жүрген қазақстандық туристерге абай болуға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға және адам көп жиналған жерлерде жүрмеуге кеңес береді", - деп жазды Марат Иғали.

Сондай-ақ, 19 желтоқсанда Ресейдің Түркиядағы елшісіне қастандық жасалған болатын. Сарапшылар бұдан кейін Таяу Шығыс мүлде ушығып кетуі мүмкін деп отыр. Айта кетер болсақ, Мәскеуде бүгін Сирия мәселесі бойынша Иран, Түркия және Ресейдің үш жақты кездесуі өтеді. Аталған жағдайға қарамастан елдер жиналысқа қатысатынын мәлімдеді. 

Қатысты Мақалалар