Имам Шермурод Тоғай Муниса Ризаева атты әртісті сынап, талқыға салды: Өзбекстанда исламдануға дайындақ бар ма?
Шермурод Тоғай «Тинчлик» мешітіндегі Алишер-домла секілді жұртқа танымал, батыстың іс-әрекеттерін әшкерелейді және де AsiaTerra жазуымен танылған. 7 желтоқсан күні өзінің желідегі парақшасына «Мусина атты әншінің» жиіркенішті әрі өрескел өнерінен жағамды ұстадым деп мәлімдеді деп хабарлайды 365info.kz , мәліметтің қазақша нұсқасын Қамшы порталы оқырман назарына ұсынады.
«Мусинаны барлық жастар сүйіп тыңдайды екен, содан үлгі алады екен. Бұл әншінің әс-ірекетінің қасында батыстықтардан асып кететінін мойындау керек», - деп діндар имам ойланарлық сөз айтты.
Сонымен қатар әншінің жақтастарына «жануарлардан айырмашылығын» айтып өтіп, бір ауыз сөзбен әңгімесін түйіндеді: «Тіпті, әйел адам өлім жазасына кесілген жағдайда да ол сыртқа орамалсыз шықпауы тиіс».
Сөзінің растығын білдіру үшін, имам Шермурод Тоғай Кеңес үкіметі кезінде өзі куәгер болған бір жағдайды баяндап берді: «Бір күні ишан өз әйелімен көлік айдап келе жатқанында, бір МАИ қызметкері тоқтатып, әйелінің жүзін көрсетуін талап еткен. Ишан сонда іркілместен, менің жұбайымның бетін ашқығ келсе, басыңмен қоштаса бер деп жауап қатқан. МАИ қызметкері шошынып қалып, бірден жіберген екен». Ишанның мұндай әрекетіне риза болған чиланзарлық имам өз қабырғасына: «Міне, ол кездері қандай дінге берік адамдар өмір сүрген» деп жазып қойыпты.
Имамның ашуына тиген әнші қандай қылық көрсетті екен? Басқа әншілерден ол қыздың қандай айырмашылығы бар екен?
Муниса Ризаева бұл жағдайға байланысты әлі жауап берген жоқ.