Түркиядағы ресейлік елші Андрей Карловтың өліміне мыңдаған адамдар көңіл айтып, қайғыға ортақтасты. Оны халықтың, камераның, журналистер мен көрмеге келушілердің, әйелі Марина Михайловнаның алдында атып өлтірді.
Анкарада Ресей елшілігінің ғимараты орналасқан көшеге Андрей Карловтың есімі берілетіні де белгілі.
«Олар, Марина Михайловна мен Андрей Геннадьевич өте қарапайым, тату-тәтті отбасы болған.
Әйелін қатты сыйлайтын. Андрей СІМ-нен жұмыс уақыты біткен соң, әйеліне қоңырау шалады. Олар метрода кездесіп, үйлеріне бірге қайтатын. Дәл солай таңертең жұмыстарына да бірге барады. Беделді қызметіне қарамастан, қоғамдық көлікпен жүріп тұратын. Ол үнемі байланыста болатын. Бойында тәкаппарлықтың ұшқыны да жоқ.
Әйелі Марина Михайловна да тамаша жан. Біз үнемі Андрей мырзаға жар таңдауда жолы болғанын айтып жүретінбіз», – дейді Марина Михайловна Карлова жұмыс істейтін университеттің Халықаралық журналистика факультетінің деканы Ярослав Львович Скворцов. – Марина Михайловнаға күйеуінің өлімі қалай ауыр тигенін ойлау маған оңай емес. Осы көрмеде екеуінің бірге болғаны да таң қаларлық емес. Оларды бөлек елестету мүмкін емес еді.


ҚХДР-да Ресей елшісі Александр Иванович Мацегора Фэйсбук парақшасында жазба қалдырыпты: «Қош бол, Андрей.. Мен жазып отырып, көз жасымды тия алар емеспін.
Бүгін менің досым Андрей Карлов қайтыс болды. Оны ту сыртынан атып өлтірді. Камераның алдында өлтірілді. Ол мезетте жанында болған әйеліне де хабарласып, бекем болуын өтіндік. Ол: «Андрей менің көзімше өлтірілді, ол жерде жатыр және мына адам бізге қасына баруымызға рұқсат бермей жатыр», – деді.
Қош бол, Андрей. Сені жерлеу рәсімінде Марина екеуің некелескен, өзің қалаған Пхеньян православтық шіркеудің қоңырауы соғылатын болады деп уәде беремін. Қош бол, досым, бауырым», деп аяқтады қоштасу хатын Александр Иванович Мацегора.
