Николай Полевой депутат Мұхтар Тінікейдің жақын туысқаны болып шықты

/uploads/thumbnail/20170709190603893_small.jpg

Қамшы сайтында «Мәжіліс депутаты кімді не үшін ұрып жатыр?» деген материал шыққан болатын. Аталмыш видео ғаламторды біраз шулатты. Ал, бүгін Ratel.kz  сайтының тілшісі видеодағы кейіпкер, Тінікеевтің «адамы» Николай Полевойға қоңырау шалып, шын мәнінде оқиға қалай өрбігенін білмекші болыпты. Ерекше атап өтер жайт, Полевой ҚР Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеевтің жақын туысқаны болып шықты.

Полевой мырзаның сөзі:

- Сіздер көрген видео алғашқыда агрессияға толы сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ, шын мәнінде, ерекше ешнәрсе орын алған жоқ. Мен арызымды дайындадым. Онда бұл шаруа жеке мәселеміз екендігін айттым. Біреудің камераға түсіріп, оны ғаламторға салуы – келеңсіздік.

Николай Полевой бірнеше уақыттан соң редакцияға арызын жолдапты.

 «Бұл мәселе екеуміздің жеке мәселеміз. Ғаламторда таралып кеткен видеодағы әңгіме отбасылық сипаттағы дүние болып табылады. Онда менің де кінәм бар. Мен қателестім. Сол себепті БАҚ өкілдерін, әлеуметтік желі қолданушыларын аталмыш видеоны таратпауларын, қате ойлап, өздігінше шешім шығармауларын өтінемін.

Тағы да қайталап айтайын, Мұхтар Бәкірұлымен бала кезден доспыз, жақынбыз. Бұл біздің жеке мәселеміз, бізге ғана қатысты.

Полевой Николай Григорьевич

21.12.2016».

Қатысты Мақалалар