Көлеңкенің қош- қошы

/uploads/thumbnail/20170709191535638_small.jpg

Лу Шүн (Қытай)

 


Адам әбден шырт ұйқының құшағына батқан кезде көлеңке оған қош айтыса келіп былай дейді: 
Өзім жақтырмайтын нәрсе жәннатта болса, оған барғым келмейді;
Өзім жақтырмайтын нәрсе тозақта болса, оған барғым келмейді;
Өзім жақтырмайтын нәрсе сендердің болашақ алтын сырғаларыңда болса, оған барғым келмейді. 
Ал мен сені жақтырмаймын. 
Досым, менің саған ергім келмейді, менің тұрғым жоқ. Мен разы емеспін! 
О, дәриға, о, дәриға, мен разы емеспін, бүйткенше менің қу медиенде сенделгенім абзал. 
Мен бір көлеңке ғанамын. саған қош айтып, қараңғылыққа ғарық болғалы тұрмын. Ал қараңғылық мені тағы жұтпақ, жарық шұғыла да мені зым - зя жоғалтып жібермек. 
Менің жарық пен қараңғылық арасында сенделгім келмейді, Онан қараңғылыққа батып кеткенім мақұл. 
Бірәқ, мен ақыры жарық пен қараңғылық арасында сандалып қалдым, ымырт екенін де, таң сәулесі екенін де білмеймін. Әзірше, күйедей қара қолдарымды көтеріп бір кесе арақ сімірген адам қяпатында, қай мезгіл екені белгісіз, бір мезгілде жалғыз өзім алысқа тартып кетпекпін. 
О, дәриға, о, дәриға, егер бұл ымырт болса, қараңғы түн мені шым батырып әкетер еді немесе тап қазыр таң мезгілі болса, онда мен күндізгі жарыққа сіңіп жоғалар едім. 
Досым, уақыт таяп келеді. 
Мен қараңғылыққа қарай ықтап, құла медиенде сенделмекпін. өзің менен бірдеме дәмететін көрінесің, менде бере қоярлық не бар деп едің? амал жоқ, бар болғаны қараңғылық пен бос құлазу ғана, бірақ менің тілейтінім − қараңғылық немесе сенің күндізіңе сіңіп жоғалсам деймін. Менің тілейтінім − құлазу ғана, Әсте сенің жүрегіңе ұялағым жоқ. 
Менің осылай болғым келеді, досым. 
Мен жападан - жалғыз алысқа тартамын, бір сен ғана емес, басқа көлеңке атаулы баспайтын қараңғылыққа қарай тартпақпын, қараңғылық жұтып кетсе- ақ болғаны, ол дүние тұтас өзімдікі болмақ.

 

Аударған: Әбділдабек Ақыштай

Қатысты Мақалалар