Мо Ян (Қытай)
Бейне аттың құйрығындай қылмен бетімді ары-бері сыйпап өткендей болып түсімнен оянып кетіптім. Көз алдымда бейне қалың соққан қара дауалдай еңселі көлеңке көлбең қағады. Мұрынға бір түрлі таныс иіс келіп, көңілімді толқытып жіберді. Кенет ұйқыдан шошып ояндым, артымдағы осызаманғы думанды көрініс бірте- бірте ғайып бөлді, күн шұғыласы төгіліп, отіз жылдың алдындағы әлгі сарғайып кеткен тамға шұғыласын төгіп тұр. Тамның үстіндегі қураған шөптер гу-гу етіп, қауырсындары көздің жауын алатын бір әтеш тамның үстіне шығып алып өз әніне басуда. Тамның алдында жапырайған бидәй сабаны үйіндісі тұр, бір топ мекиен шашылған шөптің арасынан жем іздеп жүр. Тағы бір топ сиыр тамның алдындағы діңгекке байлаулы, бәрі басын салбыратып,күйіс қайтаруда,былай қарағанда сиырлар терең ойға шомған сыңайлы. Қыңыр-қыисық ағаш діңгекке сиыр жүндері ығы-жығы жабысып, там қабырғасы сиыр дайрағынан көрінбейді. Сабан үймегінің алдында отырған менің қолымды созсам-ақ әлгі тауықтарға тиіп кеткелі, денемді қозғап қалсам-ақ сиырларға соғылып қалғалы тұрмын.Тауықтарға да,сиырларға да тіиспедім,басымды көтеріп, сүйікті досыма—мынау көмірдей қара,көңілі жабырқаңқы,жамбасына "Z99" деген таңба басылған,қос жанарынан айырылған,айтуға қарағанда дала әрмиясы қосыннан шегінген,қазір колхозда жанын салып жүрген,қара күштің иесі әрі көнпістігімен алыс-жақынға танылған жасамыс қашырдан көзімді айырмай отырмын.
"Қашырым ,сен екенсің-ғой!"—сабан үймегінен секіріп тұрып,оның жуан мойнынан құшақтай алдым,көңілім көлдей толқып,жас моншақтары оның жылтыр қара терісінен домалап түсіп жатыр.қашыр екі құлағын қайшылап,көпті көрген әлпетпен:"бүйтпе,жігітім,бүйтпе.мен мұндайды ұнатпаймын. Бүйтудың қажеті жоқ. Асықпай отырып,менің хикаямды тыңда."—деп мойнын толғап қойды. Тәнім бейне қауырсынша жер бетінен көтеріліп, сабан үймегінің қасына барып қонды,қолымды созсам-ақ әлгі әтештерге тигелі,денемді қозғап қалсам-ақ сиырларға соғылып қалғалы тұр.
Отыз неше жыл көрмеген осы көне досыма бажайлай қарадым. Ол әлі де сол бұрынғы кейпінде екен: анау абажадай басы,ұлы денесі,сүйріктей төрт аяғы,көкшіл тұяқтары,ұйпа-тұйпасы шыққан құйрығы,тарыс жұмылған ,не сепептен екені су қараңғы болған қос жанары бәрі де сол бұрынғысынша екен. Сөйтіп,көптеген көріністер көз алдымнан өтіп жатты.
Бұрын талай рет оның құйрық қылынан суырып алып Архудың(Қытайы қобыз) ішегіне істеткенде де, ол бейне соққан тамдай қыбыр етпей тұратын. Талай рет оның тақтайдай арқасына мініп алып кішкене суретті кітапшаларды көргенімде ол бейне жағада қайраңдап қалған кемедей қыбыр етпейтін. Қаншама рет көрші ауылдың қара сирақтарына онымен мақтанатынмын, оның даңқты тарихын қиядан қиыстырып, әскери полк командирін мінгізіп алып атойлап алда жүретін,соғыста кесек-кесек еңбек сіңірген –дейтінмін, сонда ол бейне тастай суық темірдей болып қыңық етіп дыбыс шығармайтын. Ауылдағы үлкендерден оның өткен күндерін әсіресе оның қалай су қараңғы болғанын білгім келіп қанша рет сұрадым деші, Бірәқ бұған ешкім ләм демеді. Қаншама рет оның ұзын мойнынан сипап түріп: сүйікті қашырым,көздерің қалайша көрмей қалған ? зеңбірек оғының жарқышағы зақым етті ме? әлде қызылкөз ауруы құртты ма?жоқ,құзғын келіп шоқып кетті ме?-деп сұрайтынмын-- менің сан реткі сұрағыма төзімділік танытқан ол бұған қыңқ етпейтін.
"Қазыр саған жауабын айтамын"—деді қашыр. Ол сөйлегенде,жұп-жұмсақ еріндері ебдейсіз қозғалып,жүгері сабанына мұқалған қардай аппақ тістері анда-санда жылт-жылт етеді. Оның дауысы тым жабырқау,бейне қыңыр-қисық ұзын құбырдың ішінен шыққан сыяқты. Мұндай дауыс мені өзіне баурап елітіп,қайран қалдырып,тәңірдың үнін өз құлағымен естігендей болып,оның хикаятын құлақ қойып тыңдамауға амалсыз қалдым.
Қашыр былай деді:"Жапонда көз жайында мынадай бір әйгілі әңгіме бар. Сазшы қыз Чүн Чынның өң-әлпеті басқалар жағынан ойрандалып көзі соқыр болған соң,оның шәкірті әрі ғашығы Зуо Жу өз көзін өзі шұқып соқыр етеді. Тағы бір ескі әңгіме де бар,охабыс өзінің әкесін олтырып шешесін алғанын білген соң,бұған қатты өкініп,өз көзін өзі жазым етеді.сендердің қыстақтарыңдағы ма уынсай да жаңа түскен келіншегін қыя әлмәй,әскерге барудан қашқалақтап көзіне әк суын тамызып қос жанарын жазым етеді.бүл дүниеде бір түрдегі соқыр бар екенін,қүтілу,иелеп алу,сұлулық және жазалау үшін өз еркімен көзін жазым ететінін түсіндіреді.әрине,сенің білгің келетіні менің көзімнің қалайша су қараңғы болғандығы...." қашыр ойға батып қалды,бұл оның хисапсыз азапты өткендерін есіне түсірді.
Қашыр былай деді:"неше он жылдың аллында, мен шынында бір әскери жылқы едім, жанбасыма түскен таңба мұның айқын дәлелі. Ием келісті командир болатын,ол елден ерек өңді болумен қоймай,сегіз қырлы,бір сырлы еді. Оны ежелден бие ғашығымдай ұнататынмын. Бір күні,опа-далабының исы мұрынды жаратын бір сылқымды маған мінгізді. Мен бұған іштей бұлқан-талқан болып,ойым онға бөлініп,орман арасынан кесіп өткенімде ағашқа соғылып,әлгі әйелді жығып алдым. Командир қамшымен осып тұрып мені: "Қу соқыр жылқы" деп лағнаттады, содан тартып,көзімді ендігәрі ашпауға бекідім...."
"Әсілі сен жалғаннан соқыр боп алған екенсің-ғөй!"—дедім мен сабан үймегінің алдынан ұшып тұрып.
"Жоға,соқырмын...."осыны айтып қашыр,бұрылып шетсіз де шексіз қараңғы жолға қарай еш қайрылмастан жүріп кетті.
аударған:
Әкімжан Сабырбекұлы