ҰҚК-ның БҰРЫНҒЫ ТӨРАҒАСЫ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

/uploads/thumbnail/20170709191642120_small.jpg

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін 2001-2006 жылдар аралығында басқарған Нартай Нұртайұлы Дүтбаев пен бірге бірнеше лауазымды тұлғаның ұсталғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік органдардың бірқатар лауазымдық тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүзеге асыруда.

Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 2016 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 185-бабының 3-бөлімінде («Мемлекеттік құпияларды жария ету») және 362-бабының 3-бөлімінде («Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану») көзделген қылмыстарды жасауға күдіктілігі бойынша Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Хасен Нұрлан Болатұлы және Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлы ұсталды.

Көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабына сәйкес ҰҚК Тергеу изоляторына қамалды.

Күдіктілердің және олардың туыстарының тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер жүргізілді, заттай дәлелдемелер алынды.

Тергеп-тексеру жалғастырылуда, оның барысы және нәтижелері туралы қосымша хабарланады» делінген ҰҚК таратқан баспасөз хабарламасында. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар