Ресейдің Дамаск қаласындағы елшілігіне шабуыл жасалды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы РФ СІМ ақпарат және баспасөз департаментіне сілтеме жасап.
28 желтоқсанда күндізгі уақытта Ресейдің Сириядағы елшілігінің территориясына екі жарылғыш зат түскен. Жарылғыш затпен шабуыл Мәскеу уақытымен 13:00 және 13:19 сағаттарында жасалған. Жарылмаған минаны залалсыздандыруға саперлер келген. «Жарылмай қалған бір мина ресейлік дипмиссияның әкімшілік ғимаратының ауласына түскен. Екіншісі оның маңына түскен», - делінген РФ СІМ хабарламасында.
«Ресейдің Дамаск қаласындағы дипмиссиясына жасалған шабуылға баға беріліп, терроризм қатеріне қарсы тұратындардың тарапынан қатаң айыпталуы керек», - деп есептейді СІМ.
Айта кетер болсақ, осыдан 10 күн бұрын, 19 желтоқсанда Ресейдің Түркиядағы елшісін атып кеткен еді. Ал, осы Шамдағы елшілікке қазан айында да минометпен оқ жаудырып кеткен болатын.
Ал, кеше ғана Ресей мен Түркия Сириядағы шиеленісті тоқтату туралы бітімге келген болатын.
Пікір қалдыру