Тәжікстаннан көшуге мәжбүр болған бір тәжіктің хаты

/uploads/thumbnail/20170709191801256_small.jpg

1991 жылы КСРО құлағаннан кейін Тәжікстан өзінің тәуелсіздігін соңғы болып жариялаған. Бір жыл өткеннен кейін елде азамат соғысы басталып кетті деп хабарлайды bbc.com, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

Ресми тіркелген деректер бойынша, соғыстың салдарынан 100 мың адам қаза тауып, 26 мың әйел жесір және 55 мың бала жетім қалған.

Қуғын-сүргіннен, өлімнен құтылу мақсатында Тәжікстандағы миллиондаған халық қашып кетуге мәжбүр болды.  

Еліне деген сүйіспеншілігін Тәжікстаннан кетуге мәжбүр болған бір азамат өз хатында жазады.

Хайдар Зайдов, Украина

«Мен және менің отбасым Отанымызды шексіз сүйсек те, біз ол жерден кетуге мәжбүр болдық. Украинаға келдік, шыны керек, бұл ел біздің екінші Отанымыз болды. Дегенмен, туған жеріміз Душанбені өте қатты сағынамыз.

Қай жерде жүрсек те,  бізге үнемі Душанбинка теңізінің иісі, шәйханадағы палаудың дәмі, Көк базардың иісі, Сиям суының дәмі және басқа да көп нәрселер жетпіспейді. Бұл жерде бізге ешкім: «Әй, бауырым, қайда бара жатсырсың?» деп айтпайды. Өмірімнің соңына дейін мен көшелерде сүт сатып жүретін қыздың «Сүт алыңыздар!» деп айтқандағы дауысын аңсап өтемін.

Украинада жағдайымыз жаман болған жоқ. Екінші ұлым дүниеге келді, балаларым осы жерде мектепке барып, білім алды. Жұбайым екеуіміз қаншалықты қиын болса да, олардың бойына ұлттық дәстүрімізді сіңіріп өсіруге тырыстық. Бұл елге көшуіміздің басты себебі – балаларымыздың болашағы еді.

Осы уақытқа дейін менің және менің отбасымның көңіліне тиетіни сөздерді бізге ешкім айтып көрмеді, «чурки» деген сияқты мазақ сөздерді естімедік.

Бұл жерде менің есімім Хайдар болғанына да ұялмаймын. Біз аомьяндармен, украиндықтармен және прибалтика адамдарымен араласып, отбасылық дастарханға жиналып отырамыз. Бұл жерде бізді іс-әрекетімізге қарай бағалайды.

Барлығы соншалықты оңай және тез болды деп айта алмаймын. Тұрақтануымыз қиынға соқты. Ұзақ уақыт бойы маманжығым бойынша жұмысқа тұра алмай жүк тасушы, сауда жасайтын агент, құрылысшы болып жұмыс істедім.  Тіл үйрендім. Кейіннен бір газетке барып жұмысқа кірдім де, ол жерден телевидениеге ауыстым. Журналист болып, сонымен қатар сценарии жаздым.

Жарым Витала да Душанбенің тумасы. Құжатты ұзақ уақыт рәсімдеп болған соң, сұраныстағы маман болды. Өміріміз жақсы арнаға бұрыла бастады.

Егер біз Тәжікстанда қалсақ, өміріміз не болатынын елестетудің өзі қиын. Сүйікті отбасымның болғанына Құдайға шүкіршілік айтамын. Біз осылай елден кетуіміздің себебі – елден жырақта жүрген қандастырымызға Отанымыздың сүйіспеншілігін жеткізу мақсаты болған шығар.

Біздің әрқайсымыз Отанымызды сағынамыз, біреуі сезімін ішінде түйсе, енді біреу оны ішінде ұстай алмайды. Қанша уақыт өтсе де, елімізге деген махаббат жүрегімізден өшпейді. Маған бұл жайында айтқан өте қиын. Өз елінен жыраққа кеткен әрбір Тәжікстандық көзі тірісінде өзін сағынып, күтіп отыратындай жүрегінің бір бөлшегін отанымызға тастап кеткен.»

Аударған: Назерке Лабихан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар