Андрей Карловты өлтірген қылмыскердің әпкесі эксклюзивті сұхбат берді

/uploads/thumbnail/20170709191759165_small.jpg

Сехер Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловты өлтірген Мерт Алтыншаштың әпкесі. Ол інісінің полиция академиясына түскеннен кейін қатты өзгергенін айтады. Оқудың екінші жылында ол S. есімді адаммен танысқан. Академияны бітіргеннен кейін де екеуі бірге тұрған және S. –ның Мерт Алтыншашқа деген ықпалы зор болғанын айтады.

«2012 жылдан бастап Мерт қатты өзгере бастады. Яғни оны сол кезден бастап бірдеңкеге дайындаған» дейді Сехер.  

Түрік әлеуметтік желілерінде үкіметтік іс-шараларына жиі барады деген ақпаратпен S. фотолары пайда болды.  

Сұхбатта қылмыскердің әпкесі бауырының еңбек демалысына келгенде неліктен күні бойы үйінде отыратынын түсінгенін жеткізді. Көшеге шықпайтын, ешкіммен сөйлеспеді, өзіне жаңа киім сатып алмайтын, қарапайым ескі ұялы телефонды қолданды. Ол кезде мұның барлығы мен үшін қызық көрінді. Алайда мән бермегенін айтады.

Мерт Алтыншаш Түркия президенті Режеп Тайип Эрдоғанның күзетшісі қызметіне орналасқысы келген екен. S. есімді досы екеуі аталмыш қызметті атқару үшін арнайы тест тапсырған. Олар жоғары балл жинаған. Алайда тәжірбиесінің аз болуына байланысты жұмысқа алынбаған. Мерт Алтыншаш қауіптің «сұр тізімінде» болған. Бұл туралы оның әпкесі жауап алу кезінде білген. Түріктің БАҚ Алтыншаш бірнеше мәрте Эрдоғанның іс-шараларында күзетші болғанын жазды.

Сехер,  Мерттің дүниетанымын аша түсетін маңызды ақпарат айтып берді. Қыздың айтуынша олар жақсы отбасынан шыққан. Алайда бауырының полиция академиясындағы екінші оқу жылында консервативті мінез қалыптасқанын айтады. Демалыс кезінде отбасымен теңізге барудан бас тарта бастаған. Оған дейін әпкесі және анасымен жағажайда демалысын жиі өтікзетін.

Мерт Алтыншаш қызбен танысқан. Оны анасымен таныстырмақ болған. Алайда анасы қыздың тек көзін көрсетіп қалған жерін жауып тұратын киім киетінін білгенде, онымен танысудан бас тартқан. «Біз әпкең екеуіміз онымен тіл табыса алмаймыз» деген екен анасы.

 

Сонымен қатар, Сехер бейнежазбадан елшіні өлтірген сәтін көргенде Мерт өзін мүлде басқаша ұстағанын айтады. Біртүрлі қылықтар, оған тән емес қимылдар жасады. Оны біреу басқарып немесе не істеу керектігін айтып отырғандай әсер қалдырды.

 

Қылмыскердің әпкесі Сехер Мерт Алтыншаштың Фетуллах Гүленнің ұйымымен байланысы туралы сұраққа жауап берді. Мерт ол ұйымнанан ешқандай стипендия алмады дейді әпкесі. «Оқудың ақшасын анам төледі. Гүленнің «дәрісханасына» інім бармады. Керісінше мен Гүленнің ұйымымен байланыстыратын «Корфез» дайындық курсына қатыстым. Бірақ ол уақытта Гүленге қазіргідей жаугершілік көзқарас болмайтынын айтты. Курс пен ұйым арасындағы байланыс туралы ешкім білмеді және талқылмағанын айтады.

 

Қылмыс жасамас бұрын Алтыншаш анасына хабарласқан. Ол уақытта анасы Сехермен кафеде отырған. Сөйлесудің реті болмай, анасы қайта телефон шалатынын айтқан. Түркияда алыс жолға аттанған адамдар қалай қоштасса Мертте дәл солай қоштасқанын айтады. Алайда Сехердің айтуынша соңғы кездері Мерт әрқашан дәл солай қоштасатын болған.

Сұхбатта Сехер отбасымен  інісі үшін қатты ұялатынын айтқан. «Біз үйде отырғанбыз. Үйге таныстарымыз телефон шалып, Мерт туралы сұрай бастады. Ол Анкарада, ал ол жерде теракті деген сияқты. Сендер Мертпен сөйлестің дер ме? деп сұрады. Мен ашуланып кеттім. Мерттің қатысы қанша? деп өздеріне сұрадым. Толассыз телефон қоңырауларынан кейін теледидарды қосып, өз көзімізге өзіміз сенбедік...».

 

Сехер, Алтыншаштың денесі моргта екенін және отбасы оны алып кетпейтінін айтты. Қылмысқа байланысты әкесі, анасы, Сехер жұмыстан шығып қалған. Қазір олар бой тасалауға мәжбүр.

 

Дерек көз: mk.ru

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар