Мұсылманға тұрмысқа шыққан орыс әйелінің өкініші қандай?

/uploads/thumbnail/20170709191940238_small.jpg

Туған жерді тастап мұсылман мемлекетіне көшу мүмкін бе? Мұсылман жігітіне ғашық болып қалған жағдайда, бұл әбден мүмкін. Сол секілді lenta.ru сайтында жарияланған мұсылман жігітке ғашық болған 29 жастағы Кристина атты Мәскеулік қыздың Абу-Дабидегі өмірінің қалай өтіп жатқандығы жайлы әңгімесінің қазақша нұсқасын  «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

«Бұл жақта ауа-райы өте ыстық, жаздың күні +50-ге дейін жетеді. Сол себепті жазда  Мәскеудегі ата-анамның жанына үш айға келіп қонақтаймыз.

Ата-анам мені, менің таңдауымды түсіне алды ма деген сұрақ мені әлі күнге дейін мазалайды. Өзім де ана болғандықтан оларды түсінемін, мен үшін алаңдайды, қорқады. Оларға күніге телефон шалып, сөйлесіп тұрамын, алайда, мұның жеткіліксіз екенін түсінемін. Мүмкін, олар маған ренжулі шығар. Бір жағынан, біз жыл сайын жазда үш ай ата-анаммен бірге болып, қастарынан айырылмауға тырысамыз. Егер біз көрші ауданда тұрған болса, тек демалыс күндері ғана көрісер едік.

Әр кезде де отбасыммен қоштасқан өте қиын, қастарында қалғым келеді. Алайда, балаларыма қараймын да, Абу-Дабиде тұрған дұрысырақ деп ойлаймын. Мәскеудегі балалар алаңына барғанымда балаларыма бұл жерге үйрену қиын екендігін байқаймын. Үлкен ұлымның есімі британдық болғандықтан, оны көп мазақтап, тіл тигізеді. Мәскеуде ұлымды «чурка» деп те атайды. Мұндағы кішкентай балалар ойын алаңдарына келеді де, кім бәрінен күшті істейді, кім көбірек біледі, кімнің ойыншығы жақсы деп өзара таласқа түседі. Менің балаларым оны түсінбейді, олар жәй ғана ойнағысы келеді.

Біз Абу-Дабиде мәңгілік қаламыз ба, білмеймін. Алдыңғы жылдары балаларымды басқа елдегі мектепте оқыту керек деп ойлайтынмын. Содан Англияға барып көрдік те, Абу-Дабиде қалғанымыз дұрыс деп шештік. Ұлы Британия жаман мемлекет емес, алайда бізге осы жақта жақсы. Араб Әмірліктерінде қылмыс деген жоқтың қас, алкоголь мен есірткіге қатаң тыйым салынған. Әрине, қажет еткен адам табады ғой, дегенмен, ана ретінде менің жүрегім осы елде тыныштық табады.»

Аударған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар