Финляндия Ресейден құтылғанына 100 жыл толуын кең көлемде атап өтті

/uploads/thumbnail/20170709192145337_small.jpg

1 қаңтар күні 100 мыңнан көп адам Финляндия тәуелсіздігінің 100 жылдығын тойлау үшін Хельсинкидағы концертке жиналды, деп хабарлайды inforesist. Тойлаушы қауымды премьер-министр Юха Сипиля құттықтап, үш жүзден аса әртістер өнер көрсетті. Ал, кеш соңында Тёёлёнлахти шығанағында салют атылды.

Халық Кеңес комиссарының қаулысымен 1917 жылы 31 желтоқсанда Ресей Кеңестік Республикасы Финляндияны өз құрамынан шығарғанына қарамастан, финдық баспасөздерде әлі де Ресей Финляндияның егеменігіне таласы бар деген мақалалар басылып тұрады.

Алайда 30 желтоқсан күні Владимир Путин Финляндия президенті Саули Нийнистёмен телефон арқылы сөйлесу барысында Финляндияның тәуелсіздігіне жүз жыл толуымен құттықтап, мерекелік кештерге қатысуға қуанышты болатынын жеткізген.

Қатысты Мақалалар