«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-ның Қарағанды облысында орналасқан «Жезқазғантүстіметалл» өндірістік бірлестігіне қарасты Шығыс Жезқазған кенішінде жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
«Қазақмыстың» баспасөз қызметі хабарлауынша, кеніштегі тау жынысының кенеттен опырылуы салдарынан дизельді учаскеде машинист болып істейтін 1981 жылғы жұмысшы ауыр жарақаттан қаза тапқан. Қазір арнайы комиссия апат себептерін анықтауда.
«Қазақмыс» корпорациясының басшылығы және еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра отырып көңіл айтуда» делінген хабарламада.
Пікір қалдыру