Boxingscene.com сайты дивизиондар бойынша жаңартылған рейтингін жариялады.
Желтоқсанның аяғында аргентиналық Виктор Рамирес (22-3, 17 КО) спортттық жолын аяқтағандығын жариялап, рейтингтегі бірінші ауыр салмақтағы 10-шы орынды қазақстандық Бейбіт Шүменовке (17-2, 11 КО) босатты.
Шүменов кезекті айқасын 11-ші ақпанда Майамиде өткізеді деп күтіліп отыр. Оның қарсыласы – кубалық Юниер Дортикос (21-0, 20 КО).
Пікір қалдыру