Марокко азаматшасының шабаданы ішінде африкалық жігіт не істеп жүр?

/uploads/thumbnail/20170709192520721_small.jpg

Марокко азаматшасы шабаданның ішіне африкалық жігітті жасырып Испания шекарасын аспақ болған деп хабарлайды The Local.

Оқиға негізі 30 желтоқсан күні орын алған. Ұлттық гвардия қызметкерлері кезекте тұрғандардың арасында өзін біртүрлі ұстаған, сасқалақтай берген үлкен шабаданы бар 22 жасар әйелді байқайды. Олар оған шабаданыңызды ашып көрсетіңіз деп өтініш білдірген. Шабаданның ішінен ауа жетпегендіктен тұншығып, ессіз танып жатқан қара нәсілді азаматты көреді.

19 жасар африкалық Габоннан екен. Қандай да бір құжаты да жоқ.

Ұлттық гвардияшылардың ойынша, әлгі әйел ақша үшін Испанияға адам таситын контрабанда тобының мүшесі. Күдікті 7 жылға дейін темір торға қамалуы мүмкін.

 

Қатысты Мақалалар