ҚЫРҒЫЗДАР ОРЫСТЫҢ АСЫНАН, ТІЛІНЕН БАС ТАРТТЫ. БІЗ ШЕ?!

/uploads/thumbnail/20170709192643486_small.jpg

Қырғыз Республикасында жыл сайын шошқа етіне деген сұраныс төмендеп барады.

2013 жылы аталмыш жануардың етін қолдану мөлшері орта есеппен адам басына 100 граммнан келетін. Бірнеше жыл бойы осындай сандық көрсеткіш сақталып жүрді. Статистика бойынша, Бішкек пен Чуйск облыстарынан басқа елдегі барлық аудандар шошқа етінен бас тартқан. Сонымен қатар, соңғы он жылдықта жануар басы бойынша, 31%-ға қысқарған, яғни 79,6 мыңнан 50 мыңға дейін төмендеген. Шошқаны ең аз бағатын аудан – Ош ауданы, ол жақта бар-жоғы 16 мың бас болса, ең көп бағатын Чуйск ауданында 45 мың бас бар екен.

Жалпы, біздің оңтүстіктегі көршілеріміз – Қырғыз мемлекеті біздің Үкімет басшыларының қолынан келмеген біраз мәселенің оң шешімін тапты. Мысалы, ең алдымен орыс тілінің мәртебесін жойып, «Қырғызстан» дегендегі «стан» сөзін алып тастап, Қырғыз Республикасы деп аталды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылы 6 ақпанда Атырау қаласына барған сапарында рсепубликаның ресми атауы «Қазақ Елі» деп өзгертілуі тиіс деп бастама көтерген болатын. Жалпы жұртшылық бұл идеяны қос қолдап қолдағанымен, аталған мәселе айтылған жерінде қалды.

Тағы бір мәселе – тіл мәртебесі. Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болғанымен, орыс тілінің боданынан әлі күнге дейін шыға алар емес. Көршілес қандас бауырларымыз бұл мәселеде де бізден басып озды.

2012 жылы Қырғыздың Жоғарғы Кеңес депутаты Урмат Аманбаева: «Ел Конституциясында жазылған «орыс тiлi – ресми тiл» деген жолдарды алып тастап, мемлекеттiк тiлге басымдық беру керек», – деп мәлімдеме жасады. «Бiзде қырғыз тiлiнде интеллектуалы өте жоғары, сауатты жастар өте көп. Өкiнiшке қарай, оларға көбiне орыс тiлiн бiлмеуi кедергi, кесiрiн тигiзуде. Мемлекеттiк деңгейдегi жиындарда осындай азаматтарымыз сөз сөйлеп, пiкiр бiлдiре алмайды. Себебi, ресми жиынның барлығы орыс тiлiнде өтедi. Егер осындай кедергiлер болмаса, елiмiз маман тапшылығына ұрынбас едi», – деді Урмат Аманбаева. Урмат ханымның ұсынысы әріптестері тарапынан үлкен қолдау тауып, мемлекеттік деңгейде талқыланып, өз дегеніне жетті.

ТМД мемлекеттерінің басым көпшілігі оырс тілінің елдегі екінші мемлекеттік  тіл дәрежесінен айырып, Орта Азия көлемінде орыс тілінің мәртебесін биік ұстайтын  тек екі мемлекет – Қазақстан мен Қырғызстан қалған еді. Соңғы 3-4 жыл көлемінде қандас бауырларымыз Қырғыз елі де тек орыс тілі ғана емес, жалпы орысқұлдықты насихаттайтын дәстүрлерді ығыстырып, өз тілін еркінідікке жіберген еді. Ендігі кезекте тәуелсіз Қазақстанымызда тілімізге де тәуелсіз күн туады деп үміттенеміз...
Қамшыгер: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар