Тіс дәрігерлері жұмыс орнында тәтті жеудің қатерін айтып дабыл қақты

/uploads/thumbnail/20170709192650181_small.jpg

Британияда тіс дәрігерлері жұмыс орнына әкелінген торт, пірәндік, кекс немесе бисквит сияқты қантты және май құрамы жоғары азықтарды жеудің денсаулыққа қаупі жоғары екенін ескертті. Бұл туралы BBC жазды.

Англияның Корольдік хирургтер колледжі Тіс дәрігерлігі факультеті, жұмыс орнында «тәтті жеу мәдениетінің» семіздікке апарып соғатынын және ауыз қуысына ауыр зақым келтіретінін айтты.

Факультет деканы, профессор Найджел Хант басқарушылардың жұмысшыларын тәттімен ынталандырмасы мен жұмысшылардың түрлі құттықтауында тәттінің көп тұтынылуы қауіпті екенін баяндады. Сондай-ақ қызметкерлерді «қантты өнімдермен соғысуға» шақырды.

Докторлар «қант пен шекерсіз жасай алмайтындар» үшін төмендегідей ұсыныстарын да айтты.

Қант құрамы аз өнімдерге қарай ойысыңыз;

Күнделікті жеу үлестеріңізді азайтыңыз;

Жөнсіз, ас мезгілісіз ауызға тыға беруді азайтыңыз, түскі аста тойып тамақтаныңыз;

Қантты өнімдерді азайтуға жоспар құрыңыз;

Қатысты Мақалалар