Сүйінші!! Құрметті Алаш жұрты, қазақ хандығы туралы тарихи фильм көрерменге жол тартты. Көп күттірген “Қазақ елі” сериалының алғашқы бөлімі “Алмас қылыш” жарыққа шықты.
Бүгіннен бастап қазақстандықтар “Қазақ елі” сериалының алғашқы бөлімі “Алмас қылышты” барлық кинотеатрлардан тамашалай алады. Сценарийін Смағұл Елубай жазған фильм белгілі жазушы Ілияс Есенберлиннің “Көшпенділер” трилогиясының желісі бойынша түсірілген. Режиссер Рүстем Әбдіраштың айтуынша, жоба екі жыл уақытқа созылып, мыңға тарта адам тер төккен. Сондай-ақ, материалдар қоры мол болғандықтан, фильмнің жалғасы алдағы уақытта міндетті түрде ұсынылатынын да айтты. Авторы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев болып табылатын фильмді ҚР мәдениет және спорт министрлігінің арнайы тапсырысы бойынша, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Centaurus Rustem Abdrashev production» ЖШС-нің қатысуымен түсіріп шыққан.