II Елизавета ханшайымды өз күзетшісі атып жіберуге сәл қалған

/uploads/thumbnail/20170709192852959_small.jpg

Ұйқысыздықтан зардап шегіп, сарай маңында серуендемекші болған II Елизавета ханшайымды өзінің күзетшісі атып жіберуге сәл қалған.

Бұл туралы бұрынғы күзетшісі Independent газетіне айтып берді . Ол қараңғы түнде сарайды күзетіп тұрып, белгісіз бір фигураны көреді. Ол: «Бұл кім» деп айқайлағанында, қараңғыдағы фигура II Елизавета ханшайым болып шыққан.

«Ұлы Мәртебелім, мен сізді атып жіберуге сәл қалдым», – деп күзетшінің сөзін жеткізді Independent газеті. «Бәрі дұрыс. Келесі жолы сізге алдын-ала қоңырау шаламын, сол кезде маған оқ атуыңызға тура келмейді», – деп жауап берді патшайым.

Оқиға қай кезде болғаны жайлы айтылмайды. Газеттің хабарлауы бойынша, ханшайым пальто киіп, шағын серуенге шықпақшы болған.  

Қатысты Мақалалар