Обаманың үйін бір түнге жалдау $3500

/uploads/thumbnail/20170709192937174_small.jpg

Әр демалысын Гавайяда өткізетін Обаманың өзі және отбасы тұрақтаған үй енді жалға берілетін болыпты деп хабарлайды life.ru. Атап айтқанда, Каилуа шығанағындағы 2008-2011 жылдар аралығында және өткен жылдың желтоқсанында Обама әулеті тұрған үйді бір түнге жалдау ақысы $3500. Президенттік үйде лагуна стилінде бассейн, бірнеше сарқырама, 5 жатын бөлме мен 6 жуыну бөлмесі бар.

Сегіз жыл бойы АҚШ президенті қызметін атқарған Обаманың демалысы мен биресми сапарларына американдық қазынан $96 млн.-нан астам қаражат кеткен екен. Judicial WATCH қоғамдық ұйымның мәлімдеуінше, бұрын-соңды ондай мақсаттағы дүниелерге орташа $85 млн. ақша жұмсалған. Алайда Обаманың Гавайяға жасаған соңғы сапары қорытынды соманың ұлғаюына қатты әсерін тигізіпті.

 

 

Қатысты Мақалалар