АҚШ Бен Ладеннің ұлы Хамзаны «Ғаламдық лаңкестер» тізіміне қосты

/uploads/thumbnail/20170709192952630_small.jpg

Әл-каиданың өлтірілген бұрынғы лидері Усама Бин Ладеннің ұлы Хамза Бин Ладен АҚШ тарапынан «ғаламдық лаңкес» ретінде жарияланды. Бұл туралы CNN түрік қызметі жазды.

Жиырманың ішіндегі Хамза 2015 жылы Әл-каида мүшесі болған. Ол әкесінің орнын басуы мүмкін екені айтылып келген.

Ол Әл-каида мүшесі болғалы бері қарай террористерді Батыс елдерінің астаналарына шабуыл жасауға шақырып келеді.

АҚШ Хамзаны тек террорист ретінде жариялап қана қоймай, қандай да бір Америка компанияларының, онымен жұмыс істеуіне, мүлік алмасына, сатпасына тиым салды.

Усама бин Ладен мен Каириах Сабардың ұлы Хамза әкесі мен шешесі 2011 жылы Пәкістанда қолға түскенде үйде болмай шыққан.  Усама Бин Ладеннен кейін Әл-каиданың лидерлігін Еимен Әл-Зеуахири қолына алған болатын.  

Таяу Шығыс саясаты турасындағы маман профессор Фаваз Джерджес тамыз айында Хамза бин Ладенді «Әл-каиданың жаңа бет-бейнесі, харизматикалы әрі ұйым ішінде танымал» деген еді.

Әл-каиданың 2015 жылы жарияланған дауыс жазбаларында Хамза Кабул, Бағдат және Газадағы мүриттерін Вашингтон, Лондон, Париж және Тель-Авивте шабуылдар жасауға шақырған болатын.

АҚШ жариялаған «жаһандық лаңкестер тізімі» Америкалықтардың қауіпсіздігі мен елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндірген лаңкестерді қамтыған.

Тізімге Ирландияның республикалық армиясының (АИР) мұрагерлері және ДАИШ сияқты лаңкестік топтардан мыңдаған адам кірген. 

Қатысты Мақалалар